АЛТЫН ОРДА КІМНІҢ ОРДАСЫ?
АЛТЫН ОРДА КІМНІҢ ОРДАСЫ?

Алаш  баласы  үшін  Шыңғыс ханның  ұлы Жошы негізін  салған, ал  Бату хан қабырағасын  қалаған Алтын  орданың орны  бөлек.

Сайып  келгенде,  исі  қазақ әлемге  аян  сол  орданың   мұрагері.  Жалпы, Шыңғыс  қағанның ұлы  мен немерелері тұрғызған, әлемнің жартысына  өз  әмірін  жүргізген Алтын  орда  жөнінде әңгіме  көп. Талай  дүр  дүниелерге  негіз болды, өзегі  атанды. Алты  миллион  шаршы  шақырым  жерде (бүгінгі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кап  тауында)  қоныс тепкен, екі  жарым  ғасыр өмір сүрген Алтын  орда талайды дәргейіне  көшірді. Құдіретті  қағанатқа айналды. Дүние  тарихында  Алтын  орда  деген аты  қалды.  Сол  орданың орнына ту  тіккен,  шаңырақ  көтерген біз – қазақ. Сондықтан   оның нақты  мұрагері  біз – алаш  жұрты. Бірақ сөз жүзінде Алтын  орданың  мұрагеріміз деп  өзімізді  атағанымызбен, соған  сай ешқандай  қам-қарекет  жасаған  емеспіз. Керісінше,   осы атақты орданың  бір  ғана  бөлшегі  ретінде  ғана  танылған  татарлар  Ұлы  орданың   750 жылдығын    тойлағалы  жатқан  көрінеді. Бұл  жөнінде  өзінің  фейсбуктағы   парақшасында  Аманғали Әбуов  былай  деп  жазады:  «Қазақтың рухсызданып, өткенінен жеріп, ел болудан қалып бара жатқанын көршілеріміз пайдаланып даңқты өткенімізді иеленуде. Моғолдардың империясын құрған Шыңғыс ханды бертінде «моңғол» деген атауды иеленген қазіргі Моңғолиядағы халық  алды, ал түбі бұлғарлар  болып келетін, бертінде ғана «татар» атауын алған қазіргі Татарстан – Алтын орданың мұрагерлігін тартып алмақ».

Шындығы  сол, қазір  өткен  тарихты  қайта  қазып, ұлы  тұлғаларды,  ұлы  империяларды  өзіне тартып  жатқан  жұрт  көп. Әр  ұлт өзін   өзгеге  көрсету  үшін, мақтаныш  үшін  «Міне,  біздің  жүріп  өткен  тарих. Біз  қандай  ұлы  ұлт  болғанбыз»  деген лепес  айтқысы  келеді.  Дұрыс-ақ. Мәселен,  өзбектер Ақсақ темірді   «жеке меншіктеп»  алды. Монғолдар  үш  қайнаса  сорпасы  қосылмайтын,  тек  түркі жұртына тиеселі   Ұлы   қаған  Шыңғысты  «ата-бабамыз»  деп  иеленіп кетті.  Тарихқа Шыңғыс хан   «мұңғыл»  болып енді. Енді келіп  татарлар «Алтын  орданың  мұрагері  бізбіз»  демек.  Алтын  Орданың   қабырғасын қалаған  Жошы  мен  оның  ұлы Бату ханды  да  көп  ұзамай  «татар»  деп   тануы мүмкін. Ал біз сақалымызды  сипап,   бір  шетте  қала  беретін сияқтымыз…

Айнұр  Қазыкенова

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 лет назад 9315
0 комментариев