Алып адамдар жайлы алуан деректер (ФОТО+ВИДЕО)
Алып адамдар жайлы алуан деректер (ФОТО+ВИДЕО)

Ақиқатында бұрынырақта мұндай алыптар болған. Оны тарих деректері қуаттап отыр. Әр жерден табылып жатқан археологиялық қазбалар мен сүйек қаңқалары алыптардың болғанын жоққа шығармайды. Сонымен…

1821 жылы АҚШ-тың Теннесси штатында кұлаған тас қабырғаның астынан археологтар екі адамның сүйек қаңқасын тапқан. Бойы 2 метр 15 см болатын бұл азаматтар осында жерленген болып шықты. Алайда «мұндай бойшаң жігіттер өмірде жетерлік қой» деп ол уақытта ешкім де таңырқай қоймаған. Алайда 1879 жылы Висконсинеде, 1883 жылы Ютада, 1885 жылы Пенсильванияда табылған адамның бас сүйектері мен бойының ұзындығы олардың шын мәнінде, таңғаларлық «тұлғалар» екенін байқатқан. Бір қы- зығы, олар біреу емес, бейітті қазғанда бірнешеуінің қатар жерленгені белгілі болған. Бойлары да 2-2, метр төңірегінде. Алайда олар кімдер, шын мәнінде, деректер аз.

1930 жылдары Австралияның Басарст қаласының маңайында қазан шұңқырларды қазу барысында алып адамның аяғы табылған. Антропологтар бұл таңғаларлық қаңкаларды мегантропустар деп жорамалдаған. Олардың бойы да адам шошырлық. 210 см-дан 365 сантиметрге дейін барады. Қазба зерттеушілері мұның Қытайда табылған «дәулердің» сүйектерімен шамалас келетінін анықтаған. Археологтар Қытай гиганттарының бойы 3-3,5 метр, ал салмағының 400 келі тартқанын айтады. Ал Австралиядан табылған алып адамдардың жанында темір, пышақ пен балта және тағы басқа тұрмысқа қажетті заттар бірге көмілген. Ал ол заттардың салмағы да адам шошырлық, 9 келіден жоғары салмақ тартатын тұрмыстық заттардың ұзындығы да 1 метрден асады. Бір метрден асатын, салмағы 9 келілік жабдықты көтеріп, жұмыска пайдаланып көріңіз. Ауыр смес пе…

1985 жылы Австралияның осы аумағын зерттеген антропологиялық экспедиция қазаншұңқырларды тағы да үш метрге дейін қазып, қызық олжаға кезіккен. Зерттей келгенде, мегантропустардың тісі 42-67 сантиметр аралығында екенін анықтаған. Зерттеушілер мұндай тісі бар алып адамның салмағы мен бойы қаншалықты болатынын да есептеп шығарған. Мұндай жағдайда «дәулердің» бойы 7,5 метр болып, салмағы 370 келі тартатыны анықталған. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, алып тұлғалы азаматтардың осыдан 9 миллион жыл бұрын өмір сүргені анықталды.

Қазақ ертегілерінде кездесетін Таусоғар мен Көлтаусарды осылардың бой-бітімімен салыстырып көріңіз. «Ертеде алып адамдар болған ба?» Бұл сауалға жауапты жер шарының әр шұңқырынан табылып жатқан осындай оқиғалардың дерегі-ақ жауап бере алады.

1979 жылы Мегалонг Вэллиде таулы аймақтың тұрғындары тастың бетінде ізі қалған бес саусақтың табын аңғарған. Оның көмескі түрде бедерленген ізі 17 сантиметрдей екені белгілі болған. Ал алақанның табы толық түскен жағдайда оның жалпы мөлшері 60 см болатынын ғалымдар есептеп шығарған. Бұдан шығатын қорытынды: алыптың бойының ұзындығы шамамен 6 метрдей болған. Ал Малгоа тауының аумағында да бойы 6 метрлік, саусағының ұзындығы – 60, алақанының ені – 17 см болатын алыптардың ізі табылған. Ал бұл дәулердің қадамының арасы 130 см болған көрінеді. Миллиондаған жылдар бойы сақталған бұл құпия іздер туралы ғылым сан-саққа жүгіртсе де, олардың кім екені туралы нақтылық жоқ. Демек, алып адамдарды зерітеуге әлі де антропологтардың жүрегі дауаламай тұрғанын жасыруға болмайды. Өйткені миллиондаған жылдардың жаңғырығы бүгінге анық жетіп жатыр деу қиын. Австралия аборигендері бұл аймақтың алғашқы тұрғындары болды деу сенімсіз. Алыптар өмір сүрген аймақта аборигендерден де бұрын «Таусоғарлар» болған.

1877 жылдары Невада штатының маңайындағы сарқырап аққан өзенде алтын шаятындар борсыған топырақтың астынан шошайып тұрған бір затты көреді. Оны қазып алғанда адамның аяқ сүйегі болып шыққан және оның жақсы сақталғаны белгілі болды. Табылған олжаны мамандар мен дәрігерлер жіті тексеріп қарағанда, бұл адамның аяғы екендігі дәлелденген. Ең таңғаларлығы, алып дәудің аяғының өлшем бірлігі 97 см екендігі анықталған. Демек, антропологтар есептеп шығарғандай, оның бойының ұзындығы 3 метр 60 см болып шыққан. Динозаврлар дәуірінде өмір сүрген бұл алыптың басқа сүйектерін іздеу мақсатында арнайы экспедиция жіберілсе де, олар дерекке сеп боларлық ештеңе таппаған.

Жалпы, дәу адамдар туралы деректер әлемнің әр қиырынан қылаң беріп отырады. 1936 жылы неміс палеонтолог-антропологы Ларсон Коль Орталық Африканың Элайзи өзені жағалауынан «бауырластар зиратында» бірге көмілген 12 қаңқаны тапқан. Бойының ұзындығы 350-375 см аралығында болған және олардың астыңғы-үстіңгі жақ сүйектерінің кейбірінде екі қатардан тістер болған.

Сонымен қатар Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польша территориясының аумағында атылғандарды көму кезінде табылған белгісіз адамның орасан зор бас сүйегі талайларды таңғалдырған. Оның биіктігі 55 сантиметрдей екені белгілі болған. Бұл бүгінгі замандастарымыздың басынан 3 есе үлкен. Ал ғаламды таңғалдырған белгісіз адамның бойының ұзындығы зерттей келгенде 3,5 метрді құрайтыны нақтыланған.

Жалпы, ойда-жоқта табылған бас сүйектерге қатысты аңызға бергісіз әңгімелер өте көп. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары АҚШ жұртына «Бүгін кешке» деген бағдарламамен таныс болған Сандерсон бір механизатормен әңгіме-дүкен барысында қызық оқиғаны айтады. 1950 жылы тракторымен жер қопарып жүрген ол жер астынан адам сүйектерін кездестіреді. Өлшеп қарағанда бас сүйектің диаметрі – 58 см, ал ені – 30 сантиметрге жеткен. Мамандардың айтуына қарағанда, бұл алыптардың да тістері екі қатарлы болған. Олардың омыртқасы мен бақай, бас сүйектері бүгінгілерге қарағанда үш есе үлкен. Тіпті тізеден төменге қарайғы ұзындықтың өзі 150 сантиметрді құраған.

Алайда алып адамдарға қатысты әңгімелердің барлығы да ақиқат деп атауға келмейді. Ықылым заманнан бүгінгі өркениетке жеткен бір аңыз бар: XVI ғасырдың басында бойы ғаламат үлкен біреудің сүйегі табылған. Бұл Рим генералы Мариуспен тайталаста жеңіліске ұшыраған Галли гайпасының көсемі, кимврлер королінің сүйегі деген ақпарат таратылды. Николя Абико 1613 жылы «кимврлер королінің сүйегі туралы диссертация» деген зерттеу еңбегін жарыққа шығарды. Алайда оның бұл еңбегі көпшілікке аса мәлім болған жоқ. Бірақ «Галли тайпасының көсемі, кимврлер королінің сүйегі» делініп келген болжамның көп ұзамай күлі көкке ұшты. Қазіргі заман тарихы мұражайында қойылған король сүйегіне әбден үңілген зерттеуші галым бұл жерде бір қулық пен қауесет деректің жатқанын аңғарады. Ақырында аталған қаңқа корольдің емес, мамонттар дәуіріне дейін өмір сүрген белгісіз алып жануардың сүйегі болып шыққан. Көсемін сыйлаған жергілікті халық өз королінің даңқын асыру үшін алып жануардың сүйегін пайдаланған. Бүкіл әлемге танылған қаңқаны 1842 жылы әлемнің танымал антрополог ғалымдары қарап, Николя Абико болжамының ақиқатқа негізделгенін жақтап шыққан. Сөйтіп, «король сүйегі алып жануардікі» болып шыққан.

Алайда алып адамдардың барлығы да аңыздан туған деу сенімсіз. 1950 жылдары Түркияның оңтүстік шығысындағы жол жөндеу жұмыстары кезінде, Ефрат өзенінің маңайында орасан зор екі алыптың сүйегін тапқан. Екеуінің жамбас сүйектерінің ұзындығының өзі 120 сантиметрге жеткен көрінеді. Осы алыптарды сатып алған АҚШ-тың Техас штатындағы мұражайдың директоры Джо Тейлор барлық ғылыми ережелерге сәйкес қос сүйекті зерттеп шығып, мынандай қорытындыға келген: олардың бойы шамамен 5 метрге жуық, ал саусақтарының ұзындығы – 1,8 метр. 1935 жылы голланд археологы Ральф фон Кенигсвальд Гонконг маңайынан табылған адам тістерінің қазіргі ұрпақтарымен салыстырғанда 5 есе үлкен екенін атап көрсетеді. Ғалым олардың салмағы 400 келі, ал бойы 5 метр екенін айтады. Мұндай мысалдар көп. Алыптарға қатысты ең соңғы археологиялық қазбалар 2000 жылы Грузияның Удабно селосынан табылған.

Алайда алып адамдардың болғаны аңыз ба, ақиқат па? Ғылым бұл жөнінде әлі де нақты бір пікірге келе алмайды. Десек те, жер бетінде өмір сүрген «дәулер» туралы деректер дүниенің әр қиырынан табылған. Бірақ бұл бүгінгі күнде аңыз ғана.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

zheruiyq.kz

Т
ақырыпқа тұздық:

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 лет назад 7205
0 комментариев