Америкалық компания өз қызметкерлерінің қолдарына түгелдей чип енгізетін болды
Америкалық компания өз қызметкерлерінің қолдарына түгелдей чип енгізетін болды

Америкалық Three Square Market фирмасы жақын арада өзінің барлық қызметкерлерінің қолына микрочиптер орнатпақ. Фирма радиожиілікті сәйкестендіргіш кішкентай миркосызбаны тегін орнатпақ және бұл әрекеттерінен өзге компаниялар да үлгі алады деп есептейді.

Бағасы 300 доллар тұратын чиптер қызметкерлердің есікті ашуында, компьютер логинін теру кезінде, тіпті тамақ алуда да көмектеспек. Қазіргі кезде 50 қызметкер бұл өзгеріске келісім берген.

“Халықаралық нарық өте кең және сол нарықты бірінші болып кім жауласа, сол әлемдік сауданың траекториясын анықтайды,” – дейді фирма өкілі Патрик Макмуллан.

Мұндай тәжірибе бұрын Швецияда енгізілген. Онда “биохакерлер” осы титтей құрылғы арқылы қызмет етеді. Three Square Market фирмасы швециялық BioHax компаниясымен бірге қызмет етеді. Жақын болашақта кредиттік карта мен ұялы телефондарды да осы микрочиптер ауыстыруы мүмкін.

“Мұнда GPS көмегімен із кесу мүмкіндігі жоқ. Бұл кез-келген кредиттік картада бар фип”, – дейді фирма өкілдері. Олар чиптің түптің түбінде барлық нәрсені ауыстыруға қауқарлы екенін айтады. Айтуларынша, қазіргі таңда адамдар темір кілттен бастап, ақша, құжаттардың барлығын әмиянда алып жүреді. Ал микрочип мұның бәрін ыңғайлы етіп топтастырып, жадта сақтауға мүмкіндік береді.

“Чипті алу мен салу екі-үш секундтың шаруасы. Ол басында адам денесіне арнайы шприц арқылы енгізіледі, ал оны кез-келген сәтте шығарып тастауға да болады”, – дейді компанияның халықаралық даму бойынша вице-президеті Тони Данн.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 лет назад 2946
0 комментариев