"Амин"-ді дауыстап айтқандарға сот үкімі шықты
"Амин"-ді дауыстап айтқандарға сот үкімі шықты

Атырау облысында мешіт тәртібін бұзған үш азаматқа айыппұл салынды, деп хабарлайды Мой город.

Оқиға Кұлсары қаласының мешітінде болды. Имам екі адам үшін намазын тоқтатуға мәжбүр болды. «Фатиха» сүресін оқығаннан кейін «әмин» сөзі іштей айтылуы керек. 27 және 30 жастағы азаматтар имамның бірнеше рет ескерткеніне қарамастан дауыстап айтқан.

Аудандық сотта екі азаматтың ісі қаралып, олардың әрқайсысына 113 мың 450 теңге айыппұл салынды. Бұдан бөлек, Мақат ауданында 39 жастағы ер адам дәл осындай айыппен 50 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ерлан Омаров

stan.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
8 лет назад 3466
0 комментариев