АҚШ-тағы кей студенттер жатақханасындағы жағдай, мықты деген демалыс шипажайларының өзін он орап алуға жеткілікті. Онда, тіпті, бассейн, гидромассаж ваннасы, кинотеатр, волейбол алаңқайы, гольф алаңы да бар.
Бұл туралы stan.kz порталы Daily Mail-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Алайда, мұндай жатақхананы жалдау құны жылына 26 000 долларға дейін жетіп жығылады.
Студенттер көбіне сән-салтанаты жарасқан жатақтарға қоныстанады: жайлы бөлме, асүй гарнитурасы, спорттық орталықтар.
Мұның барлығын жеке тұлғалар қаржыландырады.
Колумбия қаласындағы Миссурий университетінің жатақханасы.
Университет аумағында үлкен бассейн мен аспалы тербемелер бар: Сабақ арасындағы үзіліс кезінде осында демалуға болады.
Сән-салтанатты жатақхана тұрғындары мұндай жағдай үшін жылына 7656-дан 12 300 долларға дейін төлейді.
Жатақхада компьютер залы мен кинотеатр да бар.
Асүй тот баспайтын тұрмыстық техникалармен жабдықталған.
Ойын бөлмесі. Одан бөлек жатақта тәулік бойғы жаттығу залы да жұмыс істейді. Ғимараттың сырты да ғажап. Ал студенттер Starbucks-тен тегін тамақтана алады.
Остиндегі Техас университетінің жатақханасы – Каллауэй Хаус.
Жатақханада бильярд, үстел футболы, ойын автоматтары және покер ойнауға мүмкіндік мол.
Ғимараттың шатырында бассейн, ал іште iPad-бар деген атаумен түстенетін зал бар.
Әр бөлмеде кіші-асүй орналастырылған.
Солтүстік Флорида университетінің жатақханасына кіреберістегі субұрқақ.
Ғимарттың ішкі бөлігінде ойын бөлмесі, фитнес-зал, кітапхана, караоке залы, бейнеойындар бөлмесі бар.