Аумағы футбол алаңындай аралдағы 1000 адам қалай өмір сүріп жатыр (фото)
Аумағы футбол алаңындай аралдағы 1000 адам қалай өмір сүріп жатыр (фото)

Санта-Крус-дель-Истоле әлемдегі халқы ең тығыз орналасқан аралдардың бірі. Ол Колумбияның құрамына жататыны болмаса, арал әлемнен бөлініп қалғандай.

Онда 97 үй, 18 отбасы бар. 1000-ға жуық адам футбол алаңынан айырмашылығы жоқ жерін баптап отыр. Аралда мектеп және мейрамхана бар. Ал халық балық аулау мен туризм арқылы күн көріп отыр.

Аралдағылардың рухы биік.  Көмекке мұқтаж отбасыға әрдайым көршісі көмек қолын созады. Мұнда ақшаның орнында тазалау, тамақ пісіру, балалар мен қарттарды бағу қызметтері көрсетіледі.

Халықтың жартысынан көбі – жастар. Көшеде адамдар ашық түсті киімдер киіп, үйлерін әр түрлі түсті бояумен әрлеп, түрлі кештер ұйымдастырып көңілді өмір сүреді.

Балаларға жүзу мен балық аулау кішкентай кезінен бастап үйретіледі. Олар күні бойы жағалауда балық аулап, қайыққа мініп уақыттарын өткізеді. Аралда зорлық-зомбылық атымен болмаған. Онда ешқашан қарулы қақтығыстар болып көрмеген, адамдар қылмыс туралы ойларына да алмайды.

Балалар далада ойнайды, жасөспірімдер бір-біріне тату салып, испан тілінде рэп тыңдайды. Ал ересектер көлеңкеде демалып, әр түрлі тақырыпта әңгіме айтып, тамақ әзірлейді. Аралда интернет пайда болғалы бері жастар әлемді танып, ойлана бастады. Кейбірі үйінен кетіп, арал сыртындағы нағыз өмірді көргісі келеді.

Люсеро – аралдың басты шаш әрлеушісі. Оның ерекше идеялары өте танымалдылыққа ие болады. Ол жасөспірімдерге өздерін танытуға мүмкіндіктер жасайды. Аралдың жастары өте креативті – барлығы шаш үлгілерін өзгертіп, шаштарын бояйды. 

Аралда шешілмей тұрған мәселелер жетіп артылады. Олар: аз судың шектеулі мөлшері, канализацияның болмауы, қалдықтарды сақтайтын жердің болмауы, аралдың ластануы. 

Қиындықтарға қарамастан, аралдағы өмір әдеттегідей жалғасуда. Елдің коммуналдық қызметтері ластану мәселесін шешуге арналған жоспар әзірлеп жатыр. 

Жергілікті тұрғындар, қарапайым өмір салтына қарамастан, өздерін кедей деп санамайды. Өйткені олар ешкімге қарыз емес, шығынға батпаған.

 

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 лет назад 3057
0 комментариев