Банан туралы қызықты 18 дерек
Банан туралы қызықты 18 дерек

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігі банан туралы сіз білмеген қызықты 18 дерек ұсынады.

Банан – бұл ауыл шаруашылық дақылдарының ішінде әлемдегі ең танымал төртінші жеміс. Ол бидай, күріш және жүгеріден кейінгі танымал жеміс. Адамдардың оны көп тұтынатыны сонша, жыл сайын әлемде 100 миллиардтан астам банан желінеді.

1. Бананның ағашта өсетінін бәрі біледі! Бірақ, шын мәнінде, банан пальмасы шөп секілді өсімдіктен басқа ештеңе емес. Ал банан ағаш секілді құрылымды, яғни оның сабағы өте тығыз және биік болғандықтан, ол пальма сияқты ағаш деген жалпы қате түсінік қалыптасып кетті. Айта кету керек, банан әлемдегі ең ірі шөптектес өсімдік болып табылады.

2. Сондай-ақ, банан – жеміс емес, жидек деген жалпы қате түсінік алдыңғы түсінікке байланысты қалыптасқан.

3. Жеміс-жидек өсетін барлық банан бұталарының шамамен 95% -ы Оңтүстік Азиядағы бір бұтадан тараған. Яғни барлық коммерциялық банан ағаштары бір-бірінің клоны болып табылады.

4. Бүгінгі күні сары жидектердің мыңдаған түрі бар, бірақ олардың көпшілігі азық-түлік ретінде тұтынуға жарамды емес. Банандардың тек алты түрі ғана тәтті және жеуге жарамды. Ол Айс-Крим, Леди Фингер, Робуста, Раджапури, Майсур және Кавендиш.

5. Ең танымал сұрыбы Кавендиш болып саналады. Бірақ бананның бұл сұрыбы ең жақсы және ең дәмді болғандықтан ғана басқа банан түрлерінің көшін бастап тұрған жоқ. Өткен ғасырдың ортасында Гро-Мишель деп аталатын қаныққан, дәмді және үлкендеу келген банан сорты толығымен жойылып кеткендіктен қазір Кавендиш сұрыбы ең танымал болып табылады. Гро-Мишель сұрыбы осы түрлі өсімдіктерге ғана әсер еткен «панамалық ауру» деп аталатын саңырауқұлақтың кесірінен жойылып кетті. 50 жылдан астам уақыттан кейін, Кавендиш сұрыбына да осыған ұқсас қауіп төніп тұр деседі.

6. Іс жүзінде барлық банандардың сортты радиоактивті, себебі олардың құрамында калий және калий-40 деп аталатын изотопы бар.

7. Австралияда Голдфингер деп аталатын өте ерекше банандар өсіріледі. Олардың дәмі мен құрылымы алмаға ұқсайды.

8. Кейіннен ғылыми болған Musa атауын бананға алғаш рет неміс натуралисті Георг Румфиус және ғылыми жіктеменің негізін қалаған швед дәрігері Карл Линней берген. Линней өсімдіктердің жіктемесін жасай отырып, бұл атауды сақтап қалды. Бұл сөздің пайда болуына қатысты екі теория бар. Бірақ кез-келген жағдайда оның Musa-ға еш қатысы жоқ. Бірінші теорияға сәйкес, бұл атау Рим императоры Октавиан Августің дәрігері Антония Музаның құрметіне берілген. Екінші теорияға сәйкес, бұл атау арабтың «банан» деп атайтын «муз» сөзінен шыққан. Ал банан сөзінің өзін 1590-1600 жылдары португалиялықтар немесе испандықтар Батыс Африканың волоф, мандинка («banana») немесе ваи («bana») тілдерінен кірме сөз ретінде алған.

9. Кенияда 2005 жылғы конституциялық референдумда жобаның жақтастары өздерінің символы ретінде бананды пайдаланып, ал қарсыластары апельсинді қолданған.

10. Ит тұқымдас жыртқыш сүтқоректі болып табылатын жалды қасқыр банан жеп, қоректенеді.

11. 1930 жылдары нацистік Германияда банандар «патриоттық емес» жеміс деп жарияланды. Ал оларды сатып алуға қажетті қаражат басқа мақсатта пайдаланылды. Тіпті, осы акцияның шеңберінде неміс дәрігерлері «бананның зияндылығы туралы ескертулер» жариялап, оны тұтыну «ішектің түйілуіне» алып келеді деген. Ал жеміс дүкендерінің иелері «Нағыз патриот неміс алмаларын жейді» деген жазуы бар плакаттарды ілуі керек болған.

12. Кейде бананды «бананды пальма» деп атайды, бірақ бұл дұрыс емес. Себебі, банан пальма тектес өсімдікке жатпайды.

13. Бананды кейде «банан ағашы» деп атайтын атау шындығында Азимин және Анноновты тұқымдастарға жататын өсімдіктерге қатысты және бұл ол ағаштардың жемістерімен банан жемістерінің ұқсастығына байланысты осылай айтылады.

14. Банандар секілді, шай ағашының піспеген жемісі де көкөніс ретінде пайдаланылады, ал піскен тәттісі –жеміс ретінде қолданылады.

15. Бананның ең көбін Африканың Уганда елінде жейді. Бұл елдің әрбір тұрғыны жылына шамамен 220 келі тәтті жеміс тұтынады.

16. Банан сөзі араб тілінен саусақ деп  аударылады. Сондықтан, бір шоқ банан емес, бір бума банан деген дұрыс болар еді.

17. Банан өте пайдалы және ағзаға қоректі жеміс. Оның құрамында сирек кездесетін В6 дәрумені мен калий және талшықтар, сондай-ақ темір, мыс, мырыш, селен, магний, кальций және фосфор сияқты көптеген микроэлементтерге бар. Сондай-ақ, үнемі банан тұтынатын адамдар қатерлі ісік пен жүрек ауруына көп шалдықпайды деп есептелінеді.

18. Банан жемістерін ағаштан жасыл кезінде үзіп алса жеміс жақсы пісіп, дәмді болады.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
6 лет назад 3688
0 комментариев