Біз неге есінейміз?
Біз неге есінейміз?

Есінеу адамның сол уақыттағы толқу сезіміне байланысты. Толқу күйзеліске айналып, мидың қызуына себепші болады. Есінеу болса мидың қызуын басып, жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ететін табиғи құбылыс болып табылады.

Пайда болған күйзеліске қарсы, миды тынықтыру үшін адам өзіне көбірек ауа жұтып, дем алады. Сол себептен адам ағзасын сергіту үшін есінейді.

Байқаған болсаңыздар, адамдар маңызды шаралардың алдында есінейді. Студенттер емтихан тапсырар алдында, суретшілер халық алдына шығардан бұрын және т.б. Бұл адамның сол шараға дайындығы деуге болады. Физиологиялық тұрғыдан қарағанда, есінеу адамға пайдалы. Есінеген кезде тыныс жолдары кеңейіп, артериалды қысым қалпына келеді.

Есінеудің жұққыштығы мимикалық процесс болып табылады. Зерттеу нәтижесінде бұл жұққыштық рефлексіне ұшырайтын басқалар жайлы ойлайтын, уайымдағыш адамдар екені анықталды. Ал балалар есінеуді ана құрсағында бастайды екен.

reactor.inform.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
8 лет назад 4856
0 комментариев