Баяғы бір заманда су тасығыштар ортақ құдыққа келіп үлкен ыдыстарын таза суға толтырып алады. Сосын әрқайсысы өз ауылына аттанады. Су келді деп ауыл адамдары су тасығыштың маңайына жиналады. Бірақ ауыл адамдарының ыдыстары таза болмапты. Бірінші ауылдың ыдыстары таңқурай тосабынан босаған екен. Екінші ауылдікі балықтан босапты. Үшіншісінікі ішімдік сасып тұрыпты.
Су тасығыштар ыдысты тазаламаса су бүлінетінін айтып ескертеді. Бірақ ауыл адамдары бұл сөзге тоқтамайды. Елді сусамыр етіп тастап кетуге болмайды ғой. Амал жоқ сол ыдыстарына мөлдір судан құйып беруге тура келеді.
Су құйылған ыдыстың дәмін бойына сіңіреді. Әр ауылдың адамы судың дәмі осындай екен ғой деп ойлайды. Кейін өзге ауылдың тұрғындарымен кездесіп судың дәмі мынандай деп әңгіме-дүкен құрады.
Әр ауылдың суы әр басқа екенін білгенде бөлек бастаулардан алынған болар деп топшылайды. Өзара кімнің суы ең таза деп дауласады. Осы даудың аяғы кері кетіп, тартыс ұзаққа созылыпты. Бір-бірінің суын сыйламаған көршілерін жау көретін болыпты.
Өздерінің білместігімен судың сапасын емес, өздері дарытқан дәмін бағалағанын байқамапты. Дін де су сияқты. Ол саф таза. Ізгілік дарытушы. Тек кей адам оны өз білместігімен бүлдіріп жатқанын байқамайды
Дін туралы аңыз
|
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 год назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 год назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 год назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 год назадДәурен добавил(-а) новую запись: "ҚАЗАҚТЫҢ күні НЕГЕ тәліптерге қарап қалуы мүмкін? ..."1 год назад2024, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.