Ғалымдар адамдардың неліктен семіріп бара жатқанын анықтады
Ғалымдар адамдардың неліктен семіріп бара жатқанын анықтады

Солтүстік Америкада ғалымдар адамдардың неліктен семіріп бара жатқанын анықтады. Анықталғандай, адамдар уайым, мазасыздық салдарынан артық салмақ қосуы мүмкін болып шықты, деп хабарлайды The North American Menopause Society журналына сілтеме жасап Stan.kz. 

Солтүстік Америкадағы менопауза ұйымының мамандары (NAMS) зерттеу жүргізіп, адамдардың неліктен семіріп бара жатқанын анықтады. Зерттеуге қатысқан әйелдердің 60 пайызынан астамы бойында үрей, мазасыздық сезімі барына шағымданған. Дәл осындай шағым айтқан қатысушылардың дені орта жастағы толық әйелдер болып шықты. Мамандар бұл құбылысты адамдардың бойында нерв жасушаларын зақымданудан қорғайтын эстроген гармонының деңгейі төмендеуімен түсіндірді.

«Мидың қызметінде маңызды рөл атқаратын гормондардың өзгеруі мазасыздықтың дамуына, артық салмақ қосуға алып келеді. Сондай-ақ, денедегі майлардың таралуына ықпал етеді», – дейді мамандар.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 лет назад 2445
0 комментариев