Ғалымдар: газды сусын адамды өлтіріп жіберуі мүмкін
Ғалымдар: газды сусын адамды өлтіріп жіберуі мүмкін

Еуропалық асқорыту мәселелері жөніндегі қауымдастық газдалған судың ағзаға келтіретін зиян мөлшерін анықтады.

Спойлер: газды сусын бірден өлтірмеуі мүмкін, бірақ ұзақ мерзімді зиянды әсері жақсылыққа апармайды.

2013-2015 жылдар аралығында 30 зерттеу  жүргізілді. Газдалған сусынды өндірушілерге сусын құрамындағы бос калория мөлшерін азайту сұралды.

Нәтижесінде, газдалған сусынды тұрақты пайдалану ауыр және жазылмайтын семіздікке әкелетіні белгілі болды.

2018 жылы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы көптеген мемлекетке қантқа салық енгізуді ұсынады.

Ғалмдардың айтуынша, семіздік денедегі маңызды мүшелердің жұмысына әсер етеді. Ол, әсіресе, жүрек, асқазан-ішек ауруларын туғызады. Денедегі қанттың артық болуы тиаминнің (В1 витаминінің) тапшылығына әкелуі мүмкін. Сұйықтың жиналып қалуы жүрек ұстамасына алып келеді.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 лет назад 3158
0 комментариев