Ғалымдар күнбағыс майының денсаулыққа зиян екенін анықтады
Ғалымдар күнбағыс майының денсаулыққа зиян екенін анықтады

Гранад университетінің ғалымдары күнбағыс майы мен балық майын қолдану денсаулыққа зиян екенін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Journal of Nutritional Biochemistry журналында жарияланды.

Зерттеушілер сынақты егеуқұйрықтарға жүргізген. Кеміргіштерге ұзақ уақыт бойы зәйтүн майы, күнбағыс майы және балық майы қосылған тағамдар берілген. Сөйтіп, микроскоп арқылы олардың бауырындағы өзгерістерге бақылау жүргізілген.

Нәтижесінде, зәйтүн майын тұтынған егеуқұйрықтардың бауыры сау болып шыққан. Күнбағыс майы қосылған тамақтарды жеген егеуқұйрықтардың бауыры ультрақұрылымды өзгерістер мен фиброзға ұшыраған. Ал, балық майының тотықтырғыш пролцестерді жоғарылатып, теломердің ұзындығын өзгеріске ұшырататыны белгілі болған.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 лет назад 5598
0 комментариев