Ғалымдар күндіз ұйықтайтын адамдардың қауіпті ауруға шалдыққандарын анықтады
Ғалымдар күндіз ұйықтайтын адамдардың қауіпті ауруға шалдыққандарын анықтады

Мамандар екі жүзге жуық ерікті қатысқан зерттеу жұмысын жүргізіп, Альцгеймер ауруына шалдыққан адамның күндіз ұйқысы келіп жүретінін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап. 

АҚШ-тағы Вашингтон университетінің дәрігерлері күндізгі уақытта ұйқысы келіп жүретін адамдардың Альцгеймер ауруына шалдығу қаупі жоғары екенін анықтады. Ғалымдар мұны анықтау үшін 66 жастағы 189 адам қатысқан зерттеу жұмысын жүргізген.

Фитнес-трекерлердің көмегімен олар екі апта бойы еріктілердің биологиялық белсенділігін бақылады. Мұнымен қатар, магниттік-резонанстық томографияның көмегімен олардың миын зерттеді.

«Біздің жаңа зерттеуіміз Альцгеймер ауруына шалдыққан адамдардың биологиялық процесстерінде аралық үлкен үзілістер болатыны анықталды. Олар көбінесе түнде белсенділік танытып, күндіз маужырап жүреді», − дейді дәрігер Йо Эль Ю.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 лет назад 2940
0 комментариев