Ғалымдар семіздіктің ел білмеген қаупін ашты
Ғалымдар семіздіктің ел білмеген қаупін ашты

АҚШ ғалымдары семіздіктің қан түзетін тін жасушаларына кері әсер ететінін анықтады. Зерттеу қорытындысы Journal of Experimental Medicine басылымында жарияланды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz РИА Новости

Тышқандарға тәжірибе жасау арқылы зерттеушілер семіздіктің гемопоэтикалық тін жасушаларына немесе гемоцитобласттарға ауыртпалық түсіретініне көз жеткізді. Бұл жасушалар көптеген сүйек қуысындағы қызыл ми ұлпасында орналасады. 

Семіздікке шалдыққан тышқандардың жасуша құрылымы өзгеріп, олардың ұзақ мерзімді жұмысына кедергі болған. Осыдан кейін ғалымдар тышқандарды арытып, қалыпты салмаққа жеткізгенімен құрылымдық өзгерістердің бір бөлігі сақталып қалған. 
 
Еңбек авторлары мұны Gfi1 генінің жоғары экспрессиялығымен байланысты деген ой түйді. Өз кезегінде бұған ағза семіздікке шалдыққанда пайда болатын тотықтырғыштық күйзеліске әкеп соқтырады екен. Ғалымдар бұл жаңалық ары қарай адамның тамақтануы қан жасушаларының түзілуі мен қанның бұзылуына қалай әсер ететінін анықтауға мүмкіндік береді деген ойда. 

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 лет назад 2780
0 комментариев