Ғалымдар тамақтың көңіл-күйге қалай әсер ететінін анықтады
Ғалымдар тамақтың көңіл-күйге қалай әсер ететінін анықтады

Америкалық Бимгентон университетінің ғалымдары тамақтың әртүрлі жастағы адамдардың психикалық жағдайына әртүрлі әсер ететінін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі MedicalXpress-ке сілтеме жасап. 

Зерттеу барысында онлайн-сауалнаманы бірнеше елдің азаматтары толтырған. Олар өздерінің тамақтану дағдыларын, тұтынатын азық-түліктерін және психологиялық жай-күйлерін сипаттаған.

Талдау нәтижесіне сүйенген ғалымдар үнемі ет жейтін 18-29 жастағы адамдардың миында химиялық заттар (алдымен серотонин және дофамин) түзіліп, қанағаттану мен көңіл-күйдің жақсаратынын айтады.

Аптасына үш рет ет жеп, бірақ спортпен шұғылданбаған жастар болса психикалық бұзылуға бейім болатыны да анықталды.

30 жас шамасындағы азаматтарға көтеріңкі көңіл-күйде жүру үшін антиоксиданты бар жемістерді көбірек тұтыну, сондай-ақ кофені аз ішу ұсынылған.

Бұған дейін британдық ғалымдар анар, жүзімнің қызыл сорты, саңырауқұлақ пен жасымықтың зақымданған немесе зиянды клеткелардың қалпына келуіне оң әсер ететінін анықтаған болатын. Бұл тағамдар асқазан-ішек жолдары мен рактың алдын алуға көмектеседі.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
6 лет назад 2846
0 комментариев
Прямой эфир