Ғалымдар төрт ғасырға дейін өмір сүретін теңіз жануарын анықтады
Ғалымдар төрт ғасырға дейін өмір сүретін теңіз жануарын анықтады

Бір топ ғалымдар гренландиялық акуланың 400 жылға дейін өмір сүретінін анықтады. Яғни, бұл дегеніңіз бүгінде Солтүстік Атлантикада жүзіп жүрген теңіз жануары 1624 жылы дүниеге келген болуы мүмкін деген сөз.

Бұл теңіз жануары екі бірдей дүниежүзілік соғысты көрген.

Копенгаген және Оксфорд университетінің ғалымдары жүргізген зерттеуге сәйкес, гренландиялық акула әрісі 100 жыл жасайтын тасбақа мен киттерден әлдеқайда көп өмір сүреді.

Гренландиялық акула әлемдегі ең ірі теңіз жануарының бірі. Оның ұзындығы 5 метрге дейін барады. Ол – баяу жүзетін теңіз жануары алайда балықтың түр-түрі мен майда акулаларды кеміретін жыртқыш.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 лет назад 3108
0 комментариев