Ғалымдар ұзақ жасаудың тағы бір құпиясын ашты
Ғалымдар ұзақ жасаудың тағы бір құпиясын ашты

Италия ауылындағы өмір сүру жасы ұзақ тұрғындар өзгелерден әлемде болып жатқан құбылыстарға позитивті қарау, еңбексүйгіштік, табандылық, Отанына, діні мен отбасына деген жақсы қарым-қатынастарымен ерекшеленеді. Мұны Рим университеті Ла Сапиенц және Сан-Диегодағы Калифорния медицина мектебінің ғалымдары анықтады. Артынша зерттеу жұмысы туралы мақала International Psychogeriatrics журналында басылып шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

Мамандардың пікірінше, жоғарыда аталған психологиялық ерекшеліктер - ұзақ өмір сүрудің басты құпиясы. Зерттеу жұмысына 29 қария қатысты. Осы қариялардың 51 туысы Италияның оңтүстігі Чиленто аймағындағы тоғыз ауылда тұрады. Еріктілердің ең үлкендері – 90-101 жаста. Ғалымдар психологиялық және физикалық денсаулық көрсеткіштерін бағалады. Мұнымен қатар, еріктілерден өмірлік тәжірибелері мен дүниеге деген көзқарастары туралы сұрап сұхбат жүргізді.

Нәтижесінде жасы үлкен қариялардың 51-75 жас аралығындағы туысқандарына қарағанда, психологиялық денсаулықтарының жақсырақ екені анықталған. Олар зерттеу барысында өздерінің оптимист, сенімді, күйзеліске төзімді және шешім қабылдауда білікті екендерін көрсеткен. Мұнымен қатар, олар өз ұстанымдарына берік болған және өзгелер өздері туралы не ойлайтынына еш алаңдамаған.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 лет назад 5100
0 комментариев