Балаларға арналған өнімдер шығаратын атақты J&J компаниясына айыппұл салынды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі korrespondent.net-ке сілтеме жасай отырып. Аталған компанияның өнімдерін қолданып онкологиялық ауруға шалдыққан әйел олардың үстінен арыз жазды. J&J компаниясы арыз жазған әйелге айыппұл ретінде 110 млн. доллор төлеу керек. Бұл компанияның өнімдерін пайдаланып жүрген әйелдің ағзасынан қатерлі ісік ауруының белгілері табылған. Алайда J&J компаниясы бұл айыптаумен келіспей отыр. Бұл туралы әзірге нақты шешім шыққан жоқ.
Шолушы: Әсел Өтешова
qamshy.kz