Жапонияның қатал тәртібі. Медицина мамандары сынақтан қалай өтеді? (ВИДЕО)
Жапонияның қатал тәртібі. Медицина мамандары сынақтан қалай өтеді? (ВИДЕО)

Елімізде сапалы білім жоқ, дұрыс оқытылмайды, әсіресе медицина дамымаған деген қазақтардың зары тусылмай келеді. Жапонияның мына көрінісінен кейін сенбеске амал қалмайды екен. Кейбіріне жапондықтардың тәртібі тым қатал болып көрінер, бәлкім. Бірақ, басытысы қаталдық емес, сапа. Себебі, ол сапалы дүние халыққа лайықты қызмет атқаратын болады. Елімізде сапалы дүние жоқ деп айта алмаймын, әрине. Бірақ, ауыр халге шалдыққан қазақстандық азамат дертіне дауаны шетелден іздейтінін мойындауымыз керек. Себебі, Қазақстан медицинасына сенбейді. Осындай сынақты елімізде өткізіп тұрса, әр медицина маманы өз ісіне аса жауапкершілікпен қарары анық. 3 кезеңнен тұратын тапсырмалар жинағының жанында өзге студенттердің тапсырып жүрген емтихандары түкке тұрмай қалды десе де болады. Жапонияда бастысы – сапа, нәтиже, халыққа адал қызмет көрсету.

 

qamshy.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
8 лет назад 2910
0 комментариев