Канадалық дәрігерлер диабет дәрісінің қатерлі ісікті емдеуге тиімді екенін анықтады
Канадалық дәрігерлер диабет дәрісінің қатерлі ісікті емдеуге тиімді екенін анықтады

Канадалық ғалымдар екінші типті қант диабетін емдеуге пайдаланылатын метформин қатерлі ісік жасушаларының ретсіз көбеюін тоқтата алатынын анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости. Зерттеу қорытындысы PLOS ONE журналында жарияланды.  Мамандар дәрмекті зертханалық тышқандарға сынап көрген. Алдымен олар тышқандарға адамның қатерлі ісік жасушаларын ауыстырып салған. Тәжірибе қорытындысы метформиннің химиотерапия мен доксорубицин әсер ете алмайтын қатерлі ісіктің өсуін тежейтінін көрсеткен.  Зерттеушілердің сөзінше, метформин сүт безіндегі қатерлі ісік жасушаларын химиотерапия кезінде жойылатындай деңгейге түсіреді. Мамандар бұл зерттеуін ары қарай жалғастырмақ.  Мұның алдында франциялық ғалымдар қатерлі ісікті емдеуге қолданылатын ниволумаб дәрмегінің АИТВ-мен күресуге тиімді екенін ашқан болатын. 

kaz.tengrinews.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 лет назад 2187
0 комментариев