Каспий теңізін улауға жететін жалғыз бақаның уы
Каспий теңізін улауға жететін жалғыз бақаның уы

Қалай айтсаң да, бүкіл дүниедегі сырлы дүниелер мен жұмбақ түкпірлер, дүниенің ендігі алтын кілтін қазақтың қолында деп ойлаймын. Көптеген жұмбақ мекендер мен қасиеті қағидадан бөлек заттарды зерделеймін, барлығының қазаққа байланып қалған үзілмес жібін сипап таптым. Күллі дүние бетін қазаққа бұрып тұр.
Бақа - қос мекенді жануар. Бақа - ескі түркілердің дүние танымы бойынша адам басына қонатын бақтың өзі, байлық атаулының көзі. Шөлде жасайтын бақаның уыты күшті келеді де, суда жасайтын бақаның уыты әлсіз келеді.
Миллион жылдар бойы тасқа айналып қалған бақаның ұрық сұйықтығы янтар сияқты ерекше затқа айналып, бақа тасты құлағыңа жақындатып қозғасаң, сол миллион жылдық ұрық бебеу қағып шыңғырлайды. Бірақ, талай білгіш бұл ұрығы шыңғырлап тұратын бақа тасты таба алмай қара терге төсті. Бірақ, бұл миллион жылдық өткелден өтіп тасқа айналған бақа тастар жоқ емес, өте көп. Ол қай жерде көп?
19ғасырдың соңынан бері Алтай, Баркөл, Боғдадан ауған қазақтар барып мекендеген Ішкі Қытайдың Чиңхай өлкесінің Алтыншоқы қазақ автономиялы ауданының жерінде осы миллион жылдық бақа тастар үйіліп жатыр. Қазір ол жердегі қазақтардың көбі Шығыс Түркістан жеріне көшіп кеткен. Мыңға жетер-жетпес қазақ қалды. Осыдан біраз жыл бұрын қытай кәсіпкер Үрімжі қаласының солтүстігіндегі Ужячүй(Бесарық) қаласының аумағында тұратын қазақ малшылармен келісіп, оларды осы Чиңхай өлкесінің Алтыншоқы қазақ автономиялы ауданындағы миллион жылдық бақа тастар үйілген бір тау аңғарына алып келеді. Кәсіпкер қазақтарға:
- Бақа тастарды түгел теріп анау төбенің басына үйесіңдер. Егер, ішінде құлағыңа жақындатып қозғасаң шыңғырлап тұратын бақа тастар болса, оны менің қолыма әкеп бересіңдер, -деген.
Жұмысшылар күні-түні әбігерленіп, бақа тастарды теріп тау-төбе етіп үйіп тастайды. Бірақ, ішінен ешқандай ұрығы шыңғырлайтын бақа тас табылмайды. Ақыры, жұмысшылардың неше күндік ақысын төлеп кері қайтарады.
Ең басты бір сұрақ, не үшін сонау алыс жерден қазақтарды алып келіп тергізеді?
Әдетте, қабір қазып байлық іздеушілер сол қабірдің мұрагері есептелетін ұлттың адамдарына қаздырса, байлық тез ашыққа шығады екен. Өзі қазса шықпайды екен. Себебі, көне заманның мұрасы әр халықтың өз ұрпағына тиеселі етіп дұғаланған. Демек, Алтыншоқы өңіріндегі осы сырлы сайлардың жұмбағы мен құпиясын құдай қазаққа сыйлады ма екен? Кәсіпкер осы байламға келу үшін көптеген білімділер мен көріпкелдерді іске қосатыны анық. Оның үстіне бұл жұмыстың арғы жағында бір кәсіпкер емес, үлкен үкіметтік органдар тұрса не дейсіз?
Бұл бақа тас несімен құнды?

Себебі, сол іші шыңғырлап тұратын ең маңызды бақа тас табылса, сол шыңғырлақтың миллион жылдың өзегінде қалыптасқан бір тамшы уын Каспий теңізіне құятын болса, бүкіл Каспий теңізін улауға жеткілікті екен. Бірақ, құдай ол тастың қытайларға табылуын бұйырмады.
Миллион жылды қоя тұрыңыз, әдетте әтешті мекиенге шағылыстырмай, қапаста қапалы етіп бірнеше жыл бойы бөлек бағатын болса, ол әтештің еті түгел уға айналып кетеді.

 

Көкбөрі Мүбарак ҚИЗАТҰЛЫ, 

"Адырна" ұлттық  порталы

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
3 года назад 1542
0 комментариев