Көздің қанталауы: себебі мен айығу жолдары
Көздің қанталауы: себебі мен айығу жолдары

Көздің қанталауы, яғни көздің ішіне қан дағы немесе қан жолақшасы пайда болу көп түрлі аурулардың белгісі болып табылады.

Көздің шаршауы. Көз қанталағанда адам көп тынығатын болса, ол өздігінен жоғалып кетеді. Жараланудан және жұқпалы аурудан сақтанып, С дәруменін ішіп, ішінара жерлеріне өсуге қарсы көз дәрі жағып жұқпалы аурудың алдын алу керек.

Қантты несеп ауруы. Қантты несеп ауруы барлардың жіңішке қан тамыры әлсіз болғандықтан, көзі қанталау құбылысы үнемі қайталанып тұрады.

Қан ауруы. Көзі қанталаумен қоса мұрыннан қан ағу, терілерінің астынан қан шығу, буын-буыны қақсау, денесі қызу белгілері байқалса, ол қан ауруының сақтық белгісі болуы мүмкін.

Мүйіз қабығының таралғыш, қанталағыш сипатты қабынуы. Ол «қызыл көз ауруы» деп те аталады. Бұл аурудан айығу үшін көзді тұзды сумен шәйіп, ішінара бөлігіне вирусқа қарсы дәрі жақса жазылып кетеді. Оны белсенді түрде емдетуден сырт, өзара жұғымдалып таралудан сақтануға назар аудару керек, деп жазады медицина ғылымдарының докторы Жасан Зекейұлы желідегі парақшасында.

stan.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
8 лет назад 6246
0 комментариев