Миланда бір мезетте жылдың төрт мезгілін ұсынатын оранжерея ашылды
Миланда бір мезетте жылдың төрт мезгілін ұсынатын оранжерея ашылды

Миланда ерекше оранжерея ашылды, деп хабарлайды РИА Новости. Агенттіктің мәліметінше, бұл оранжерея Миланның орталығындағы алаңда орналасқан, онда жылдың төрт мезгілін тамашалауға болады. "Келушілер төрт секциядан өте алады, оның жалпы аумағы 500 шаршы метр. Бірінші секциядағы ағаштарда, бұталарда қар жатыр, екіншісінде - гүл ашылып, үшіншіде жазғы аптап ыстық болады, ал төртіншіде - алтын күз", - делінген жарияланымда.  Ғимараттың ішін жағалай орындықтар орналастырылған, туристер өзіне ұнайтын жыл мезгілінде ұзақ уақыт кідіре алады.
kaz.tengrinews.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 лет назад 2922
0 комментариев