Мосо тайпасында әйелдердің ер адамдарға қандай қарым-қатынас жасайтыны әлемді таңқалдырды (ФОТО)
Мосо тайпасында әйелдердің ер адамдарға қандай қарым-қатынас жасайтыны әлемді таңқалдырды (ФОТО)

Қытайдың мосо тайпасындағы өмір әдеттегіден өзгеше. Онда тұратын ер адамдар әйелді қоғамдағы басты адам деп біледі және оған қарсы шықпайды.

Аталмыш тайпа Юньнань өлкесінің оңтүстік-шығыс бөлігінде өмір сүреді. Мұндағы халық 2000 жылдан астам уақыт бойы матриархатты ұстанады. Қазіргі таңда Юньнаньда 40 мың адам өмір сүреді. Оның ресми емес Қыздардың патшалығы деген атауы бар.

 

Тайпадағы басты жұмысты әйелдер атқарады. Олар мал бағады, аңға шығады, егін егеді, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешеді. Кейбірі тіпті әскери қызметті игеріп жүр. Сонда ер адамдар немен айналысады деген заңды сұрақ туындайды. Олар сауда, қолөнер және қызмет көрсетумен айналысады. Қалыпты қоғамда әйелдерге қандай қарым-қатынас жасаса, оларда ер адамдарға солай қарайды.

Махаббат пен некеге келер болсақ, мұнда таңдауды қыздар жасайды (оларды а-ся деп атайды). Егер ол жігіт ұнамай қалса одан кез-келген уақытта бас тарта алады. Тіпті әйелдердің бірнеше а-сясы болуы мүмкін. Алайда мұндай жағдай өте сирек кездеседі.

Балаларды анасы тәрбиелейді. Отбасында қыз бала дүниеге келсе үлкен мереке. Ал ер балаларға суық қарайды.

 

Мосо тайпасының кейбір әйелдері ер адамдардың қажеті жоқ екенін, олар тек балалы болу үшін ғана керек екенін айтады.

 

http://qamshy.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 лет назад 4061
0 комментариев