Оқушылар латыншаға аударатын қосымша ойлап тапты
Оқушылар латыншаға аударатын қосымша ойлап тапты

Петропавлда оқушылар қазақша сөздерді латын қаріпіне аударатын қосымша шығарды. Қосымша Android жүйесіндегі смартфондарға ғана қолжетімді.

Бұл туралы 24kz хабарлады.

Қосымшаны ойлап тапқан оқушылар Назарбаев зияткерлік мектебінде оқиды. Бұл жаңалықты шығаруға 3 апта уақыт кеткен. Жұмыс кезінде мұғалімдері де көмектесіп тұрған.

Қосымша әзірше  Android жүйесіндегі смартфондарға ғана қолжетімді.

“Қосымша еліміздің латын әліпбиіне көшу барысын жылдамдатуға, жаңа қаріпті пайдалануға қиыналатындарға көп көмектеседі. Сөзді терсеңіз оның латынша жазылуы шығады. Ол сөзді сақтап алсаңыз да болады. Өте ыңғайлы”, – дейді НЗМ оқушысы Бұлбұл Халмаан.

Жас өнертапқыштардың қосымшасын Play Маркет-ке жүктеу жоспарланған.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 лет назад 3513
0 комментариев