Ташкентте сақалын қырмаған ер адамдар 15 тәулікке қамалуы мүмкін. Өйткені елдің құзырлы органдары ерлерден сақалын қыруды тағы талап етіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz Газета уз. дерегіне сілтеме жасап.
Қазіргі кезде сақалды жігіттерді ішкі істер бөлімшесіне шақырып, 15 тәулікке қамаймыз деп ескерту жасаған.
Осыдан кейін Абдурахмон Муфид (Abu Vines) деген лақап атымен танымал Абдурахмон Абдурахмонов есімді вайнер Instagram-да сақалсыз суретін жариялаған.
«Барлық істің бір қайыры бар. Міне, көрдіңіздер ғой. Сақалымды алдыртып тастадым. Сақалымды не үшін алғанымды сұрамаңыздар! Өздеріңіз түсінесіздер ғой!» деп жазды ол.
Өзбекстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Шохрух Гиясов осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
«Азаматтар егер конституциялық құқығымыз бұзылды десе, шағымданса болады», – деді Ш.Гиясов.
Еске салсақ, 2019 жылы Өзбекстанда осындай рейд жүргізілген.