ҚАЛА-А-АЙ?!
ҚАЛА-А-АЙ?!

Адам ағзасында көптеген күрделі процесстер болып жатады. Соның бірі - аутофагия. Аутофагия (көне гр. αὐτός ауто- — өз, өзі және φαγεῖν — «жеу») — жасушаның ішкі компоненттері оның лизосомалары мен вакуолдарына еніп, сол жерде ыдырап отыратын процесс. Түсінбей қалдыңдар ма?) Былайша айтқанда, жасушаның өз-өзін басы артық заттардан тазалап отыруы ғой. Бұл аутокеңнің үш түрі бар: микроаутофагия, макроаутофагия және шаперондық аутофагия. Микро және макроаутофагиялар қамшы салдырмай өз бетімен жыбырлап жұмысын жасай береді. Ал шаперондық аутофагияның жүруі жатқан бір міндет: ол үшін адамның ағзасы қиналуы(стресске ұшырауы) керек. Басына күн тууы керек та ағзаның. Физикалық жаттығулар, қара жұмыс, мысалы. Ал ең абзалы - ашығу. Сол кезде әлгі жасушадағы шаперон атты белоктардың айдауымен лизосомалар өлі жасушаларды һәм тірі жасушалардағы басы артық органеллаларды бас салып қылғыта бастайды екен. Сүйтіп, соңында өлі жасушалардың түгі де қалмай жойылады, ал қалған жасушалар анадан жаңа туғандай тап-таза жалаң боп қалады(бірдеңе түсініп жатырмысыңдар өзі?). Бірақ, бір әттеген-айы - бұл процесс жүру үшін, әлгінде айтқандай, ашығу керек. Ал бұл процесс жүрмесе денеде өлі жасушалар пайда болып, олар Паркинсон, Альцгеймер көкелердің ашқан ауруларына(!), одан қалды, диабет пен қатерлі ісікке(!!!) ап келеді. Былайша айтқанда, я ауырып өлесің, я алжып кетесің(¯\_(ツ)_/¯). Ал бұл құбылыстың уақтылы жүріп отыруы көптеген аурулардың алжын-алып, бар ауру болса жойып, денені кәрілікке алдыра қоймайды. Бұл құбылыс ғылымға ХХ ғасырдың 90 жылдары ғана жапон Ёсинори Осуми әпендінің арқасында белгілі болады. Шамамен арада ширек ғасыр өткенде мұны еуропалық медицина марғасқалары мойындап, 2016 жылдың 10 желтоқсанында Ёсинори ағаға Стокгольм шәрінде физиология және медицина саласы бойынша құны 932 мың долларлық Нобель сыйлығы берілді. Бәрекелді!
Хош делік. Енді кванттық физика мен эволюциялық даму бере салған атеистер мен агностиктерге сұрақ: бұл жайында соно-оу VI-VII ғасырлардың түнегінде ғұмыр кешкен Мұхаммед (с.а.у) деген араб қалайша біліп  өз үмбеттеріне бір жылда отыз күн Ораза ұстауды міндеттеген? ҚАЛА-А-АЙ?!

Қырықбай Ұзақбайұлы
Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 лет назад 2738
0 комментариев