Қазақстан әскері дронға қарсы күрес тәсілдерін игеруде (ВИДЕО)
Қазақстан әскері дронға қарсы күрес тәсілдерін игеруде (ВИДЕО)

Десанттық-шабуылдаушы топтар ұшқышсыз аппараттардың соққысына төтеп берудің жаңа әдістерін үйреніп жатыр.

Десанттық-шабуылдаушы әскерде соққы беруші дрондармен күресудің жаңа әдісі әзірленді деп хабарлайды Dalainform тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сүйеніп.

Бүгінде тың айла-тәсілдер «Іле» полигонындағы бөлімшелердің жауынгерлік атыстары барысында сынақтан өткізілуде.

Бүркемелеу, түтін перделері, ұшқышсыз ұшақтарды бақылау, бастысы – тосын жағдайларды болдырмау дрондармен күресудің негізі тәсілдері саналады.

«Ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы тұру барысында бірінші кезекте жасырына білу жағы сыналады. Екіншіден оны жылдам анықтап, жоюға ерекше назар аударылады. Тиісті маман дронды көрген беті әрі қарай хабарлап, шұғыл ақпарат жеткен жауынгерлер нысанды атып түсіруге күш салады», – дейді әскери бөлім басшысы Бегімбет Тәжібаев.

Десанттық-шабуылдаушы әскерінде әзірленген бұл жаңа әдіс бөлімшелердің жауынгерлік дайындығын арттырып қана қоймай, жеке құрам арасында үлкен шығынды болдырмауға мүмкіндік бермек.

Бұған дейін Қарабақтағы Армениямен соғыс кезінде Әзірбайжанның жеңуіне ұшқышсыз ұшу аппаратарының көп көмегі тигені айтылып, тіпті дрондардың көктен қаншама әскер мен техниканы түгін қалдырмай жойып жібергені жайлы бейнежазбалар тарады.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
3 года назад 1812
0 комментариев
Прямой эфир