"QazaqGeography" республикалық қоғамдық бірлестігі қоғамның барлық мүшелеріне арналған "Менің Қазақстаным" атты фотобайқау жариялады.
Байқау Қазақстанның экологиясына арналған және қоғамның назарын біздің ұлан-байтақ еліміздің табиғатына аудару және оны сақтау қажеттілігі, туған елге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу және табиғи байлыққа ұқыпты, жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында өткізіледі, – дейді ұйымдастырушылар.
Фотобайқаудың тақырыбы - табиғаттың сұлулығы мен осалдығы. Байқауға қатысушылар өз жұмыстарында таза табиғатты да, экологиялық қауіп-қатерден көз жұмған табиғатты да көрсете алады. Міндетті шарт - барлық сурет Қазақстанда түсірілген болуы тиіс.
Байқауға барлық жастағы әуесқой және кәсіби фотограф қатыса алады.
Әр қатысушы бір санат бойынша 10 фотосуретке дейін ұсына алады:
-
Қазақстанның флорасы мен фаунасы
-
Қазақстан табиғаты
-
Қазақстанның экологиясы мен қоршаған ортасы
Біз заманауи, креативті және резонанстық, күрделі, ерекше және әдемі жұмыстарды ынталандырамыз. Алайда, қоршаған ортаға қамқорлық жасауды бастауға және адамзаттың табиғат алдындағы жауапкершілігін арттыруға шабыттандыратын бейнелерді бағалаймыз, – дейді ұйымдастырушылар.
Фотосуреттер 2020 жылдың 30 тамызына дейін жолдануы керек.
Ең үздік жұмыстар "Экология және жасыл өсім саласындағы ынтымақтастық" тақырыбында Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының халықаралық форумы аясында көрмеге қойылады. Байқау жеңімпаздары сайт пен әлеуметтік желілерде жарияланады. Сондай-ақ электрондық пошта арқылы хабарланады.
Фотобайқауға қатысу үшін qazaqgeography.kz сайтында тіркеліп, қоғамның мүшесі болуы қажет. Мүшелік QazaqGeography іс-шараларына қатысуға эксклюзивті мүмкіндік береді. Байқауға 18 жасқа толған QazaqGeography мүшелері не кәмелетке толмаған қоғам мүшелерінің ата-аналары, қорғаншылары немесе аға, достары қатыса алады. QazaqGeography қоғамына кіру және қатысу шарттары туралы толығырақ qazaqgeography.kz. сайтынан білуге болады.
baq.kz