Қазіргі БАҚ - Мұсылманның жауы...
Қазіргі БАҚ - Мұсылманның жауы...

Қазіргі БАҚ - Мұсылманның жауы. Себебі Мұсылманның қателігін елге жаюда жан салмайтын бұл сұрқия сұмырайлар, Мұсылманның жақсылығын жазарда, басын сауытына тыққан тасбақадай боп қалады.. 

Мысалға еліміздің әр аймағын жыл сайын су алып жататыны бәрімізге бесенеден белгілі. Сол су басқан аймаққа жыл сайын осы мешіттер қаншама көмектер көрсетіп келуде. Зардап шеккендерге, "мынау мұсылман, мынау кәпір" демей, қолдарынан келгендерін аямауда. Бірақ Мұсылманның айыбын жарыса жазып, көгілдір экраннан қаншама қайталап көрсететіндер, неге осы ЖАҚСЫЛЫҚТАРЫН КӨРСЕТПЕЙДІ??? 
Кеше де, еден жуушы әпкемізге, өзі сыйлыққа алған көлігін сыйлаған Имамды қай сайттар жазып, қай канал көрсетті??? Егер сол көлікті Имам емес, Әкімшілікте немесе Нұр Отанда істейтін біреу сыйлағанда, күніне неше мәрте Хабар мен Қазақстан ақ үзбей көрсетер еді. 
Дінінен айырылған Қазақ, тарихынан да айырылады, тілінен де айырылады, дәстүрінен де айырылады, мәдениетінен де айырылады. Себебі бәрі осы Ислам дінімен тығыз байланыста. Бұлардан айырылған Қазақ тек МӘҢГҮРТ атанады. 
Айналайын Ағалар, Әпкелер.. Ақылы бар адамсыздар.. Ислам діні жайлы, Намазхандар жайлы теріс пікір айтарда (жазарда) жеті рет өлшеп барып кессеңіздер. 
ИСЛАМ ДІНІНЕ ҚАРСЫ АДАМ - ҚАЗАҚҚА ҚАРСЫ АДАМ. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТ БОЛЫП ҚАЛУЫНА ЖӘНЕ ЖӘННАТТАН ҮМІТ ЕТУІНЕ ҚАРСЫ АДАМ..

Әлішер Әбдішевтың Фейсбуктегі жазбасы

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 лет назад 3414
1 комментарий
  • Оте дурыс жазылган макала.Бирак сол журналистерге мусылмандарды жексурын кулып корсететиндер ким екен, мине маселе сонда. Мешиттерде баска да жерлерде биздин Имамдар колдарынан келсе сакалдылар деп бастап букил мусылмандарды жамандап жатады,дини билими жок адамдар соларды тындап букил мусылман сипатындагыларды жек кореди.Бирак намаз окитын жастардын коби надан емес,олар Мекке,Мединанын мусылмандары Саляфи багытын устананатынын биледи жане оларды террористерге жаткызбайды,сол сиякты Ханафи масхзабын устанып Ауганыстанда террор жасап жургендерге карап букил Ханафилерди де террористер демейди.

    Террористер Исламнын кандай дини жастардын арасында коп тараган солардын арасына кирип,хаориджи такфиршилердин эдиологиясын таратуга тырысады. Ал былай жалпы Саляфилер Террористер емес,олар тек Сопылык багытты устанатындарды Аллага ширк косады деп айыптайты,ал калган жагында тек шаригатпен журуди максат етеди.
    7 лет назад