Құжаттағы аты-жөніңіз ерсі естілмесін десеңіз...
Құжаттағы аты-жөніңіз ерсі естілмесін десеңіз...

Менің атым – Нұрдәулет, тегім – Нұрәділ. Адамдар аты-жөнімді жиі шатастырады. Мұндай жағдай сіздердің бәріңіздің басыңызда бар! "-ов", "-ев"-тен құтылған қазақтардың аты енді жаңылтпашқа айналды. Қайсысы аты, қайсысы жөні немесе еркек пе, әйел ме білу қиын. Мысалы, Бейбіт Құрманай , Жанат Бақыт деген кісілер бар. Қазақта Бейбіт пен Жанат қыздарға да, ұлдарға қойыла беретін есім. Көрсетілген аты-жөннен ер адам, не әйел адам екенін айыру қиын (суреті болмаса). Егер Бейбіт Құрманайұлы, Жанат Бақытқызы немесе керісінше, Бейбіт Құрманайқызы, Жанат Бақытұлы болса, бәрі түсінікті болар еді. Меніңше, кез-келген адам осы бір мәселеге жауапкершілікпен қарауы тиіс. Заң бойынша азаматқа екі мүшелік (тегі және аты) жазуға мүмкіндік берілген. Ол бойынша Құрманайұлы Бейбіт немесе Бақытқызы Жанат деп жазуға болады. Меніңше, осылай жазу дұрыс. Біз өзгерте алмасақ та, балаларымызды осылай жаздыруға тырысайық, ағайын! "Даң дуң, Чаң чуң" деп қытайлардың атына күлеміз. Соңғы кездегі қазақтардың "ерекше" есімдері көбейгенін ескерсек, бізден де "Чай Пай, Әйт Дөйттер" шығып жүрмесіне кім кепіл. Мен "-ҰЛЫ" және "-ҚЫЗЫ" деп жазуды қолдаймын! Сіз де қолдаңыз!

Нұрдәулет Нұрәділ

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
8 лет назад 3959
1 комментарий