Құлағыңызға қарап денсаулығыңыз туралы не біле аласыз?
Құлағыңызға қарап денсаулығыңыз туралы не біле аласыз?

Біздің денеміздегі нүктелер мен ішкі органдар арасында неврологиялық байланыс бары әлдеқашан дәлелденген. Десе де денеміздегі нүктелер арқылы организміміз жөнінде мәлімет ала алатынымызды көбі біле бермейді. Мәселен бір ғана құлақтағы нүктелер арқылы денсаулығыңыз жайлы көп мәліметке қанық боласыз, деп хабарлайды AdMe.ru сайтына сілтеме жасап  Stan.kz.

Құлағымыз біз туралы не дейді?

Адам құлағы өзгермейді. Біз дүниеге келгенде құлағымыз толықтай қалыптасып үлгереді. Мұнан кейін олар өмір бойы өзгермейді. Тек құлақтың сырғалығы ғана аздап созылады.

Басылыңқы және басыңқы ген. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, адамның бас сүйегімен бітісіп кеткен құлақ сырғалығы басылыңқы генетикалық белгі болып табылады. Ал «еркін» сырғалық – басыңқы ген белгісі.

Жүрек-қан тамырлар ауруы. Құлақ сырғалығындағы қиғаш тыртыс жүрек-қан тамырлар ауруының белгісі болуы мүмкін.

Дәрумен және кальций жетіспеушілігі. Құлақ түсінің бозаруы организмге дәрумен мен кальций жетіспеушілігін білдіруі мүмкін.

Бүйрекке байланысты дерт түрлері. Егер құлағыңыз үнемі қызарып тұрса, бүйрегіңізге қатысты қиындықтар болуы мүмкін.

Бас ауыруы мен есте сақтау қабілетінің жоғалуы. Егер құлағыңыз қошқыл қызыл түсті болса, есте сақтау қабілетіңіздің төмендей бастағанының, бас ауруыны немесе ми қызметіне байланысты ақаудың белгісі болуы мүмкін.

Құлақ сіңірінің қабынуы. Бұл қайталамалы полихондрит белгісі болып табылады.

Құлақтағы акупунктуралық нүктелер

Құлақ рефлексологиясы (акупунктура) – күйзеліс пен ауырсынудан арылуға көмектесетін әдіс. Біздің құлағымызда 200-ден аса акупунктуралық нүкте бар. Олар түрлі ішкі органдармен, қимыл-тірек аппаратымен байланысты. Бұл нүктелерді уақалау арқылы денсаулығыңыздағы физикалық және эмоциялық қиындықтардан арыла аласыз.

Құлақтағы қандай да бір нүктенің  қай органмен байланысты екенін анықтау үшін, құлағыңызды эмбрион күйіндегі сәби ретінде (құлақтың сырғалығы – сәбидің басы) елестетіп көріңіз.

Акупунктуралық нүктелерді уқалау арқылы бас ауруы сияқты денсаулығыңыздағы мәселелерді шеше аласыз. Алайда денсаулығыңыз сыр беріп, ауру мазасыздандырса, дәрігерге қаралағаныңыз жөн.

Сондай-ақ, суретте көрсетілген нүктелерді уақалау арқылы дене мүшелеріңіз бен ішкі органдарыңыздағы ауырсынуды баса аласыз.

1. Арқа мен иық.

2. Ішкі органдар.

3. Буындар.

4. Мұрын қуысы мен тамақ.

5. Ас қорыту мүшелері.

6. Бас пен жүрек.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
6 лет назад 3027
0 комментариев