Қытайлықтар 18 қабатты ғимарат жеті секундтта құлатып, рекорд орнатты. Қытайдың солтүстігінде орналасқан Хэбэй провинциясында зәулім ғимараттың көзді ашып-жұмғанша күл-талқан болған сәті видеоға түсірілген.
CGTN телеарнасының хабарына қарағанда, провинция билігі ғимарат кезінде заңсыз салынғандықтан, оны құлату туралы шешім қабылдайды. Ғимараттың құлауынан көрші үйлерге зақым тимеуі үшін жарылғыш зат қолданылған.

Ернар Елмуратов