Салмақ тастаудың оңай жолы анықталды
Салмақ тастаудың оңай жолы анықталды

АҚШ-тың Майо клиникасының ғалымдары күнде 6 сағат бойы қозғалыста жүретін адамдардың аз қозғалатындарға қарағанда артық салмақтан тез арылатынын анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Мамандар 1184 адам қатысқан 46 тәжірибенің нәтижелерін талдады. Тәжірибеге қатысқандардың орташа жасы – 33, ал салмағы – 65 кг болған.

Тәжірибе барысында адам аяқта тұрғанда минутына 0,15 килокалориясынан арылатыны анықталған. Сәйкесінше, алты сағатта 54 килокалория жоғалады. Зерттеушілердің айтуынша, яғни төрт жылда адам он келі салмақтан арыла алады.

Аз қозғалу семірудің және қосалқы аурулардың дамуының негізгі факторларының бірі, яғни мұндай жағдай көбінесе диабет, жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Батыс елдерінде адамдар күніне 7-12 сағатын көп жағдайда отырып өткізеді.

Дегенмен, диета физикалық жаттығулармен салыстырғанда салмақты тастауға көбірек көмектеседі. Бұл туралы Техас университетінің спорттық медицина саласының профессоры Филипп Стэнфорт Science Alert басылымына берген сұхбатында айтқан. Ғалымның пікірінше, физикалық жаттығулар аз ғана салмақ тастау үшін көп уақыт пен күшті қажет етеді.

 

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 лет назад 2683
0 комментариев