Сәресінің жеті берекесі. Неге сәресіні қалдырмаған дұрыс?
Сәресінің жеті берекесі. Неге сәресіні қалдырмаған дұрыс?

Қасиетті Рамазан айының бір берекеті – сәресі ас ішуде. Тілімізге еніп кеткен сәресі сөзі араб тілінде «сухур» деп аталады. Ол түннің үшінші бөлігі. Бұл кездегі уақыттың өзінде үлкен мән жатыр. Өйткені дұғалар қабыл болып, Алла Тағаланың ерекше кешірімі түсетін мезгіл. Сәресі уақытында қандай берекеттер бар?

Бірінші – сүннет мезгілі. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әрдайым жасаған амалын орындау арқылы сүннетін іске асырып, сауапқа кенелеміз. Сахаба Зайд ибн Сабит (р.а.): «Біз Алла елшісімен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге сәресі асын іштік, сосын намазға тұрдық», – дейді. Зайд ибн Сабиттен: «Азан мен сәресі уақытының арасы қанша болған еді?» – деп сұрағанда, сахаба: «Елу аят шамасында», – деп жауап берген (Бұхари). Демек, шынайы ниетпен сәресіге тұру сүннеттің сауабына кенелтеді.

Екіншісі – исламға тән амал. Рамазан айында сәресі асын ішу мұсылман баласына нәсіп болған. Мұндай берекелі дастарқан бұрынғы кітап иелеріне бұйырмаған. Сахаба Амр ибн Ас (р.а.) жеткізген хадисте Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Біздің ораза мен кітап иелерінің оразасының айырмашылығы сәресі ішуде», – деген (Муслим).

Үшіншісі, сәресі аста құт-береке бар. Ораза айында ішкен аста үлкен береке жатыр. Халқымыз «Ас – адамның арқауы» дейді. Өйткені ас дастарқандарда Алланың мейірімі мен ризашылығы болады. Ал қасиетті Рамазан айында сәресі асын ішу – пендеге үлкен берекет нәсіп етеді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сәресін ішіңдер! Расында сәрелік аста құт-береке бар» деген (Бұхари).

Төртіншісі, дұға қабыл болатын мезгіл. Сәресі ас ішуге тұрған кісі дұға-тілек қабыл болатын уақытқа тап болады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сәресі уақытында Алла Тағала: «Сұраушы бар ма, беріледі. Дұға етуші бар ма, қабыл болады. Истиғфар етуші бар ма, күнәсі кешіріледі», – деп айтады» деген (Муслим).

Бесіншісі, Алла Тағаланың мейірімі түсетін мезгіл. Рамазан айында сәресі ішу – пенде үшін Жаратқанның мейірімі түсетін уақыт. Алла Тағала сәресі ас ішпей-ақ ораза тұтқан адамның оразасын қабыл етеді. Алайда бұл мезгілде ерекше мейірімге, берекеге бөленетінін Пайғамбарымыз арқылы білдіріп, пендесіне рақымдылық танытқан. Сондықтан мұсылман баласы мұндай уақыттың шарапатынан мейілінше пайдалануға асығуы тиіс.

Алтыншысы, періштелер дұға етеді. Сәресі ішкен адамға періштелер де дұға жасайды. Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында Алла Тағала және Оның періштелері сәресі ішушілерге рақым етіп, дұға етеді», – деген (Ахмед).

Жетіншісі, денсаулығы жақсарады және тәнге қуат береді. Расында Рамазан айында сәресі ас ішудің денсаулыққа пайдасы зор. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Сәресіге тұрыңдар. Денсаулықтарың жақсарады» деген (Бұхари). Мұнымен қоса сәресі ішкен адамның ғибадат етуіне күш-жігер береді және күндізгі мезгілде сергек болады. Сәресі ішпеген адам бойы әлсіреп, күш-қуатын жоғалтады. Тіпті аузын ашып жіберуге мәжбүр болуы да мүмкін. Сондықтан сәресі уақытында тым болмаса бір жұтым су ішудің өзі күш-қуат береді һәм денсаулыққа пайдасы орасан зор.

Қорыта айтқанда, сәресі мезгілде мұсылман баласы басқа уақыттарда нәсіп бола бермейтін көптеген берекеге қол жеткізеді. Әсіресе бұл мезгілдерде истиғфар айтып, Алладан кешірім тілеудің, тәһәжжуд намаз оқудың, дүние-ақыреті үшін дұға сұраудың қабыл болатын уақыты. Сол үшін Алла Тағала ондай пенделерді былайша сипаттап, мадақтаған: «Олар сәресі уақытында Алладан кешірім тілейді» («Зарият» сүресі, 18-аят).  Жаратқан Алла оразамызды қабыл етіп, сәресінің берекетін нәсіп етсін!

Батыржан МАНСҰРОВ,

Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі

muftyat.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
4 года назад 2163
1 комментарий
  • Ассалам алейкум уа рахматуллахи уа баракатух ! Қалың ел Казағым. Мен еки баланын Анасы Алдарыңызда Көмек сұрап алдарыңызда отырмын. Көктем айы келгенмен жанбыр, қар жауып жылынбаған уй таң атқанша ызғып суып кетеді. Әйтеуір өртеуге келеді деген заттардың бәрін пешке салып әрең жылытып аламын. Қандастарым! ,Алланың разылығы үшін қол ұштарыңызды созыңыздаршы.Көп түкірсе көл дейді ғой.Амалым барма менің қапыда Арқа сүйер асыраушымнан,балаларымның әкесінен айрылып қалдық. Бар ауыртпашылық менің мойныма түсті. Жалғыздың үні шықпас деген бір өзім қалай балаларымды аяғына тұрғызамын деген уайым әбден уайымға салдырды.Ана қай кездеде баласы үшін өмір сүреді емес пе? Өлімнен Ұят күшті деген мен сол ұятымды жыйып койып Көмек сұрап алдарыңызда отырмын.Әттең, Денсаулығым да жақсы емес.Бүйрегім ауырып тұра алмайтын жағдайға жеттім.Ауырып сорламағанда көмек сұрамас едім. Көмек сұрады деп ұрысып ауыр сөз жазбаңыздаршы.Маган каншама улкен кісілер звондап мазақ етіп звондайтынды шыгарды.Өлді деген қағазды моргка барып алудың өзі қандай қыйын азап екенін білмейді ме екен? Менде Құдайдан сұрап алғаным жоқ қой? Өлім мен Ауруды.Жаным қысылғанан көмек сурап интернет парақшасында мейрімді жандардан көмек сұрап жүрмін. Кәзір Жалдамалы времянкада тұрып жатырмыз.Ұлтарақтай жер бұйырмай ар орыс пен ұйғырдың времянкасын жалдап күнелтіп жүрміз.Балаларым өсіп қалды жесірдің баласы деген аздай уйсіз қаңғып жүргеніміз өте уайым абден жанымды жеп болды.Тамақ аламын деп ,дүкенге де қарызым асып кетті.Емделуге коп қаражат керек екенін мен айтпасамда барлық адамдар біліп отырған шығар? Ауруымнан емделмейінше осылай қыйналып жүремізбе деп уайымдаймын.Балалардың киімдерін бір түгендей алмай отырмын. Балаларымнын болашағы үшін шырылдап көмек сұраған ананы тусініп қолдайды деген үміттемін. Көмектесемін деген мейірімді жандарға :Каспий картам 5169493174490881. Телефон номерім 87479581946 Куралай.Алдын ала рахмет айтамын.Аллаһ сіздерге разы болсын
    4 года назад