Шаян өз қысқашын кесіп тастап, су қайнап жатқан кәстрөлден қашып кетті (видео)
Шаян өз қысқашын кесіп тастап, су қайнап жатқан кәстрөлден қашып кетті (видео)

Қытай мейрамханасында шаян өз қысқашын тістеп алып, кәстрөлден қашып кетті.

Бұл туралы ВВС басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды

Бұл оқиға түсіп қалған видео желіде миллионнан аса қаралым жинаған.

11 секундтық видео кадрларынан шаянның сол жақ қысқашы ішінде су қайнап жатқан кәстрөлде тұрғаны байқалады. Осы кезде шаян оң жақ қысқашымен оны кесіп тастайды.

Мұнан кейінJuike есімді қолданушы желіде бұл шаянды үй жануары ретінде асырап алғанын айтты.

Шаянның бұл әрекетті саналы түрде жасағаны белгісіз.

Ал Weibo қолданушылары шаянды қолдап, оны «босатып жіберуге», және «жемеуге» кеңес берді. Себебі оның өмір сүргісі келеді, дейді желі оқырмандары.

«Мен оның өмірін аман алып қалдым. Оны асырап алып, үйіме әкелдім. Ендігі ол аквариумде өмір сүреді», – деп жауап берді Juike есімді қолданушы.

Айта кетсек, шаянның сауаты бірнеше рет ауысқаннан кейін, оның қысқашы қайта өсіп шығады. Ересек шаяндарда мұндай құбылыс 3-4 жылдан кейін орын алады.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
6 лет назад 7139
0 комментариев