Сүннет бойынша тамақтанудың 4 әдебі
Сүннет бойынша тамақтанудың 4 әдебі

1) Тәбеті тартқан асты жеу. Әбу һұрайра (р.а.) былай әңгімелейді: «Алланың елшісі ас талғамайтын. Тәбеті тартқанда ғана қол созатын».

2) Өзге табаққа қол созбай, тек өз алдыңнан жеу. Омар ибн Әбу Сәләм былай әңгімелейді: «Бір күні Алла елшісімен бірге тамақтандым. Тамақтың етін ғана теріп жей бастап едім: «Тек өз алдыңнан ғана жеуің керек», — деді ескертіп.

3) Тамақты «бисмилләмен» бастау. Умайя ибн Әбу Махша былай әңгімелейді: «Бірде Алла елшісі «бисмилла» деп айтпастан бір кісінің табаққа қол салып жей бастағанын байқап қалады. Әлгі кісі тек соңғы түйір асты алып тұрып: «бисмиллиһи фи әууәлиһи уә ахириһи», — дейді. Осының бәрін үнсіз бақылаған Алланың елшісі күлімсіреп: «Уаллаһи, бастапқыда шайтан да онымен бірге тамақтанып жатты. Соңында «бисмиллә» деп айтылғанда шайтан ішіп-жегеннің бәрін құсты», — деді.

4) Тамақтанып болған соң, Аллаға шүкіршілік ету. Хазірет Әлидің біреуге қалай тамақтану керектігі жөнінде айтқан насихаты Ибн Абәдтің әңгімесі: «Бірде хазірет Әли маған: «Уа, Ибн Абәд, тамақтың да хақысы бар, білесің бе? — деді. Мен: «Қандай?» —м дедім. Ол: «Бисмилла. Аллаһым, осы берген нығметтеріңе береке бер. Бойымызға құт болсын деуің керек», — деді. Сосын мынадай сұрақ қойды: «Ал ас қайырып, ішіп-жегеніңе қалай шүкіршілік етудің жолын білесің бе?». «Қалай?» — дедім мен. «Бізге жегізген және ішкізген Аллаға шүкіршілік етемін деуің керек», — деді».

Қазақстан-Заман

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 лет назад 3411
0 комментариев