Таулар туралы қызықты мәліметтер
Таулар туралы қызықты мәліметтер

Stan.kz ақпараттық агенттігі таулар туралы сіз білмеген қызықты 11 дерек ұсынады.

1. 500 метрден кем емес биіктіктегі геологиялық құрылуларды тау деп санауға болады. Ал, 500 метрден төмен кез-келген нәрсе тау емес, төбе деп аталады.

2. Теңіз түбінде таудың шыңдары кейде арал деп есептеледі. Көбіне, қоныстанған тауларды аралға жатқызып жатады. Кейде бұл таулар ғана емес, сондай-ақ сөніп қалған жанартаулар.

3. Ең биік таулар жерде орналаспаған. Мәселен, Марстағы Олимп тауының етегінен шыңына дейінгі биіктігі 21,2 километрді құрайды. Ал марстық биіктігіне қатысты «теңіз деңгейіндегі» жалпы биіктігі – 26 шақырым. Дегенмен, күн жүйесіндегі ең биік тау – бұл Веста астероидтарында орналасқан Реясильвия. Оның биіктігі 22 шақырымды құрайды.

4. Жер бетіндегі ең биік шың – биіктіктігі 8848 метр болатын Джомолунгма шыңы. Сонымен қатар, қалануынан шыңынан дейінгі ең жоғары биіктіктегі тау – бұл АҚШ-тың Гавайи штатындағы Мауна-Кеа суасты жанартауы. Мауна-Кеаның биіктігі 10203 метрді құрайды, бірақ теңіз деңгейінен жоғары есептегенде бұл жанартау 4205 метрге ғана көтеріледі.

5. Жер бетінде теңіз деңгейінен санағанда, биіктіктігі 7 200 метрден асатын жүзден астам тау бар.

6. Егер біздің ғаламшардағы жүз шақты ең биік тауды бір-бірінің үстіне қойсаң, 754,5 шақырым биіктіктегі шың шығады.

7. Бутанда орналасқан Гангхар Пуенсум тауы әлі күнге дейін бірде-бір альпинист бағындыра алмаған тау.

8. Альпинистердің көбі көтерілетін тау – биіктігі  965 метр болатын АҚШ-тағы Монаднок шыңы. Бұл тау – тауға шығуды енді бастаған альпиностер арасында өте танымал.

9. Жер бетіндегі ең ірі жанартаулы тау Мауна Лоаның көлемі 75 мың шаршы метрден асады.

10. Биік тауларға жауған қар кейде қызғылт түсті болады.

11. Әлемдегі ең қауіпті тау – бұл Гималайда орналасқан Аннапурна сегізмыңшы шыңы. Статистикаға сәйкес, тауды бағындырғысы келген әрбір төртінші альпинист осы тауда қаза тапқан.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
6 лет назад 5564
0 комментариев