Тотықұс – өте қызықты құс және бұл олардың кейбіреулерінің сөйлей алатындығына байланысты емес. Ақылды және күлкілі құстардың көптеген елдерде үй жануарлары ретінде танымал болғандығы тегіннен тегін емес, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
1. Тотықұстарда ырғақ сезімі жақсы дамыған. Олар шын мәнінде ырғақты музыкаға билей алады.
2. Қазіргі таңда адамдардың қызметі мен браконьерлікке байланысты тотықұстың барлық түрлерінің үштен біріне жуығына жоғалып кету қаупі төніп тұр.
3. Австралияда тотықұстарды сөйлеуге үйрететін арнайы мектептер бар.
4. Көптеген тотықұс ішімдікті жақсы көреді. Табиғатта олар алкогольді ашыған жемістер мен жаңғақтарды жеп алады.
5. Шын мәнінде, тотықұстар әдеттегідей сол сөздің мағынасында сөйлей алмайды. Олар тек есте сақтап, сөздерді қайталайды. Алайда, олар сөздерді ғана емес, басқа да дыбыстарды есте сақтап, қайталай алады.
6. Тотықұстарда дауыс желбезегі жоқ, сондықтан олар барлық дыбыстарды тілі мен тұмсығы арқылы шығарады.
7. Ең кішкентей тотықұс түрі Жаңа Гвинеядағы Папуа мекендейді. Бұл түрдегі ересек тотықұстың үлкендігі, дәлірек оның денесінің ұзындығы 8-9 сантиметр.
8. Ең үлкен тотықұс – амазонка тотықұсы, олардың үлкендігі үш жасар баланың денесіндей. Жалпы олардың денесінің ұзындығы 1 метрден асуы мүмкін.
9. Жабайы табиғатта үлкен топпен жүрген тотықұстарды да кездестіруге болады. Бұрын-соңды байқалған ең ірі топта 70 мыңға жуық тотықұс болған.
10. Какаду тотықұсы азық-түлік іздеуде бір тәуліктің ішінде жеті жүз километрден аса қашықтыққа ұша алады.
11. Көптеген тотықұстар өсімдікпен қоректенеді және кейде жәндіктерді ұстап жейді. Бірақ кеа тұқымды тотықұстар нағыз жыртқыштар, олар тіпті қой секілді ірі жануарларға шабуыл жасайды.
12. Ежелгі Римде құлдарға қарағанда тотықұс қымбат тұрған.
13. Стив Ирвин есімді танымал табиғат зерттеушісі аллигаторлармен және улы жыландармен оңай жұмыс істеген, алайда оның фобисы – тотықұс болды. Ол тотықұстан қатты қорққан.
14. Бірде АҚШ-та үй тотықұсы пәтер ұрлығына қатысты істі ашуға көмектескен. Сонда бос пәтердегі қылмыскерлер бір-бірінің есімін атаған кезде, тотықұс олардың атын жаттап алған. Ал полиция келгенде тотықұс әлгі ұрылардың есімін бірнеше рет қайталаған.
15. Жако деп аталатын ең «ақылды» тотықұс шамамен төрт жүз сөз білген.
16. Кішкентай тотықұстар 15-25 жыл өмір сүреді, бірақ ірілері жүзге дейін өмір сүре алады. Олар ұзақ жасайтын құс.
17. Бүгінде бүкіл әлем бойынша табиғатта өмір сүретін жабайы тотықұстарға қарағанда, үй тотықұсы көп.
18. Барлық сансыз құс түрлерінің ішінде тек тотықұстар ғана тамақты аяғымен ұстап, жұта алады.
19. Тотықұстар шамамен үш мың жыл бұрын үйде ұстала бастады.
20. Какаду тотықұсы басында орналасқан айдарын қозғалта алады.
21. Көптеген тотықұстар жылы климатта өмір сүреді, бірақ жоғарыда айтылған кеа тотықұсы суықта, тауларда өмір сүргенді жақсы көреді.
22. Көптеген тотықұстар мысалы, какаду 10 сантиметр болатын тұмсығымен адамның саусағын оңай тістей алады.