Түнгі уақыттағы тіс ауруынан қалай құтылуға болады
Түнгі уақыттағы тіс ауруынан қалай құтылуға болады

Түнгі уақыттағы тіс ауруы − барлығымызға таныс жағдай. Одан құтылу өте қиын, өйткені адамның көңілін ауру сезімінен басқаға аудару оңай болмайды.

Topdoc.me сіздерге тіс ауруын жеңілдететін бірнеше тәсілдерді ұсынады.

АУРУ СЕЗІМІН БАСАТЫН ДӘРІ ІШУ

Дәріқағазсыз (рецепт) берілетін ауру сезімін басатын парацетамол  немесе ибуфен сияқты дәрілерді қабылдау көптеген адамдар үшін жеңіл және орташа тіс ауруын тиімді азайтудағы ең жылдам және қарапайым әдіс болып табылады. Әрқашан қорапта көрсетілген ұсынылатын мөлшерді сақтаған жөн.

СУЫҚ КОМПРЕСС

Суық компресс тіс ауруын жеңілдетуі мүмкін. Орамалға оралған мұз салынған пакетті бет немесе жақтың зақымданған аймағына қойса, сол жердегі қан тамырларын тарылтып, ауру сезімін азайтады және адамға ұйықтауға мүмкіндік береді.

ТҰЗДЫ СУМЕН ШАЮ

Тұзды сумен шаю – тіс ауруын басатын үй жағдайындағы классикалық тәсіл. Тұзды су табиғи бактерияға қарсы агент және соның арқасында қабыну үрдісін азайтуы мүмкін. Сонымен қатар зақымданған тістерді жұқпадан қорғауға көмектеседі. Тұзды сумен шаю тістегі немесе қызыл иектегі тұрып қалған тамақ қалдықтарын алып тастауға көмектеседі.

БАСТЫ ЖОҒАРЫ КӨТЕРУ

Баста қанның жиналуы қосымша ауру сезімі мен қабынуды шақыруы мүмкін.  Кейбір адамдар үшін қосымша жастықпен басты жоғары көтеру оның жағдайын жақсартып, тіпті ұйықтап кетуге мүмкіндік береді.

ЕМДІК ЖАҚПАЛАР

Кейбір емдік жақпалар да тіс ауруын азайтуы мүмкін. Дәріқағазсыз берілетін ауру сезімін басатын, құрамында бензокаин бар гель немесе жақпалар зақымданған аймақтың жансыздануын шақыруы мүмкін. Алайда ерте жастағы балаларға оны жағуға болмайды.

СУТЕГІНІҢ АСҚЫН ТОТЫҒЫМЕН ШАЮ

Пародонтит – ауыз қуысының нашар гигиенасы салдарынан дамитын тісжегінің қауіпті жұқпасы. Бұл ауру сезімі, тіс жегінің қанауы және ойықтардағы тістердің босауы сияқты проблемаларды шақыруы мүмкін.  Ауыз қуысын сутегінің асқын тотығымен шаю тістік өңезді және пародонтит белгілерін азайтуға көмектеседі. Сутегінің асқын тотығын әрқашан бірдей мөлшердегі сумен араластыру қажет. Ерітіндімен ауызды шайқаңыз, бірақ оны ішпеңіз. Бұл әдіс балаларға қолданылмайды. Өйткені олар ерітіндіні ішіп қоюы мүмкін.

АЩЫ ЖАЛБЫЗБЕН ШӘЙ

Ащы жалбыз шәйімен шаю немесе демделген ащы жалбызды шәй пакетиктерін ауырып тұрған аймаққа қою тіс ауруын уақытша жеңілдетуі мүмкін. Зерттеушілер ащы жалбызда бактерияға қарсы және антиоксиданттық қосылыстар бар екенін байқаған. Ащы жалбыздың белсенді ингредиенті болып табылатын ментол сезімтал аймақтарды жансыздандыруы мүмкін.

ҚАЛАМПЫР

Қалампырдың негізгі компоненті болып табылатын эвгенол  тіс ауруын азайтуы мүмкін. Зерттеулерде тісті жұлғаннан кейінгі ойыққа және қызыл иеккке эвгенол жаққан адамдарда жазылу үрдісі барысында  ауру сезімі мен қабыну аз болған.

Эвгенолдың анальгетик сияқты әсері бар. Бұл зақымданған аймақта жансыздану дамитынын білдіреді. Тіс ауруын азайтуда қалампырды қолдану үшін оны паста болғанға дейін суға бұқтырып қою қажет. Одан кейін пастаны тіске жағыңыз.

Басқаша ретінде оны абайлап шайнап немесе сорып, одан кейін ауырып тұрған тіс аймағында қалдырса, ауру сезімі азаяды.

Бұл балалар үшін тиімді әдіс емес. Өйткені олар қалампырды көп мөлшерде жұтып қоюы мүмкін. Егер адам оны жұтып қойса, қалампырдың кейбірі тікенекті және ауру сезімін шақыруы мүмкін.

САРЫМСАҚ

Сарымсақ үйдегі қарапайым ингредиент болып табылады. Кейбір адамдар оны тіс ауруын азайту үшін қолданады.

Сарымсақтың негізгі компоненті болып табылатын аллициннің күшті антибактериалды әсері бар және бұл тісжегін мен тістің ауруын шақыратын бактерияларды жоюға көмектеседі.

Ауру сезімін азайту үшін сарымсақтың кішкентай бөлігін ақырындап шайнап, тістің жанында қалдырыңыз. Шикі сарымсақтың дәмі өте қатты ащы болуы мүмкін. Сондықтан мәселені шешудің бұл жолын барлық адамдар таңдай бермейді.

ТІС АУРУЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ

Тістердің бұзылуы – тіс ауруының ең жиі кездесетін себебі. Егер адам ем қабылдамаса, тісжегі тісте қуыстардың пайда болуына әкеледі. Бактериялар мен қышқылдар эмаль арқылы өтіп, тістің тінін ішінен шіріткен кезде қуыстар пайда болады.  Бұл жүйкені жалаңаштап, жеңіл және қатты ауру сезімін тудыруы мүмкін.

Кейбір адамдарда мұрын қуысының жұқпалары тіс ауруын шақыруы мүмкін.  Жұқпамен шақырылған қысым мен ауру сезімі түнде үдейді.

Тіс ауруының басқа да себептері:

  • пломбаның түсіп қалуы
  • тістік абсцестер
  • жақтың жарақаттары
  • ақыл тістің шығуы
  • тіс немесе қызыл иекте тұрып қалған ас қалдықтары
  • түнде тісті қайрау
  • қызыл иек аурулары.

НЕ СЕБЕПТІ ТІС ТҮНДЕ КӨБІРЕК АУЫРАДЫ?

Тіс ауруы күндіз байқалғанымен, түнде одан әрі үдейтіндей көрінеді.

Бұның себебінің бірі − адам жатқан кезде басқа қанның келуі. Бұл қосымша қан тіс ауруын және қысымды одан әрі күшейтуі мүмкін. 

Тіс ауруының түнде күшеюінің тағы бір себебі − алаңдататын факторлардың аз болуы. Егер ойдың барлығы тек тіс ауруына бағытталған болса, онда адам ұйықтай алмайды.

СТОМАТОЛОГҚА ҚАЙ КЕЗДЕ ҚАРАЛҒАН ЖӨН

Түнде тісі ауыратын адамдар тезарада стоматологқа қаралғаны жөн. Кез келген үйде қолданылатын тәсілдер ауру сезімін тек уақытша басуға арналған.

Егер тістің ауруы жұқпаның басқа да белгілерімен қатар жүрсе, онда жұқпадан арылу үшін антибиотиктер қолдану керек.

Егер ауру сезімін тісжегі немесе жарықшақ шақырса, онда адам міндетті түрде стоматологқа баруы қажет. Олар тұрақты шешімді таба алады.

Тістің ауруы сияқты тістің бұзылу белгілеріне мән бермесе, абсцесс, қызыл иек аурулары, тістен айырылу сияқты күрделі мәселелерге әкелуі мүмкін.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
3 года назад 1633
0 комментариев