Тырнағыңызға қарап денсаулығыңызда қандай кінәрат барын білуге болады
Тырнағыңызға қарап денсаулығыңызда қандай кінәрат барын білуге болады

Адамның тырнағына қарап оның қай жері ауыратынын білуге болады. Әдетте сау тырнақ түзу, жұмсақ және қызғыл түсті болып келеді. Тырнақтың беті де жылтырап тұруы тиіс.

Бас бармақ тырнағы жеңіл дерттермен байланысты болады.

Сұқ саусақ тырнағының өзгеруі ішек жұмысымен байланысты келеді. Сұқ саусақта ақ нүктелер пайда болса, гастроэнтеролог маманға жолығыңыз. Бауыр, асқазан мүшелеріңізде де кінәрат болуы мүмкін.

Ортанғы саусақ қан тамыр жүйесімен байланысты. Атеросклероз дертін де ортанғы саусаққа қарап анықтап жатады.

Аты жоқ саусақ тырнағына қарап, адамның эндокриндік, иммундық жүйесін, ішкі сексреция бездерінің жұмысын байқауға болады.

Шылдыр шүмек саусағының тырнағындағы ақ ізі жоғалып кетсе, адамның жүрек, ішек жұмысының бұзылғанын байқауға болады. Бұл 30 жасқа дейінгілерге қатысты емес.

Егер тырнақта көлденең ойықтар пайда болса, бұл ауыр дерттің белгісі. Бұл улунудың және В 12 дәрумені жетіспеуі салдарынан да болуы мүмкін.

Ал, тырнақта ақ іздерді пайда болуы қаназдықтың, бауыр, бүйрек, дене температурасының көтерілуі сынды дертпен байланысты.

Егер ағзаңызда кератин, темір, кальций, йод, фтор жетіспесе, тырнағыңыз сынғыш келеді.

Тырнақ бояу кетіруге арналған сұйықтықтан да бұзылады.  Ол үшін құрамында майы бар сұйықтықты таңдау керек.

Егер тырнақтың формасы адамның туғанынан өзгеше болса, ол тұқымқуалаушылық. Егер уақыт өте келе өзгерген болса, дәрігерге қаралған дұрыс.

Stan.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
8 лет назад 3349
0 комментариев