Үйі жоқтан прописка сұрайтын Үкімет
Үйі жоқтан прописка сұрайтын Үкімет

Осы үкіметтің үйі жоқ адамдардан прописка сұрайтынына таңым бар. Үйі жоқ адамда қайдағы прописка? Логикаға сыйымсыз. Онсыз да күйзеліп, үйсіз жүрген адамдар таныс-туыс, дос-жаран, көрші-көлеңге жалынып жүреді «Пропискаға отырғызшы» - деп. Совет заманында қалада пропискаң жоқ болса үйдің кезегіне де тұра алмайтынсың, тіпті өз ақшаңа үй де сатып ала алмайтынсың, жұмысқа да тұра алмайтынсың, тағы басқа да қиыншылықтары болатын. Сол қағиданы әлі бұзбай ұстап отырған сияқты. Үкімет үй-күйі жоқ адамнан прописка талап етеді екен, олардың бір жерде тіркеліп, өкіметтің қадағалауында болғанын қалайды екен, онда өздері шешсін ол мәселені, оларға пропискаға отыратын орталықтандырылған бір жер тауып берсін, «Пәлен уақытта бір келіп осы жерге белгіленіп, көрініп тұр» дей ме, әйтеуір бір ереже шығарсын. Елді әуре-сарсаңға салмасын «Пропискаң қайда?» - деп.

Лязат Дуйсембекова

Abai.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
3 года назад 1596
0 комментариев