Үш жылда бір рет олар өз туыстарын қабірден қазып алады... (ВИДЕО)
Үш жылда бір рет олар өз туыстарын қабірден қазып алады... (ВИДЕО)

Индонезиялық Сулавеси аралы өзінің ерекше пішінімен атақты (төрт бірдей түбектен тұрады). Сулавеси - Индонезияның ең ірі аралдарының бірі. Алайда бұл аралда ақылға қонбайтын оқиғалар болып тұрады. Үш жылда бір рет тораджи халқы өз туыстарын қабірден қазып алады.

Бұл «Өліктерді тазарту рәсімі» деп аталатын фестиваль аясында өтеді. Тораджи халқының ғасырлық дәстүрі кез келген еуропалықты таң қалдырады.

Жалпы, бұл халық үшін кез келген жерлеу рәсімі – өте маңызды шара. Сонымен қатар, бұл рәсім жоғарғы деңгейде өтуі қажет. Тіпті, кейбір жағдайларда, керекті ақшаны жинап алу үшін жерлеу рәсімін бір жылға кейінге қалдырады. Манене (фестивальдің жергілікті атауы) фестивалі кезінде қабірлерді қазып алып, мәйіттерді шығарып, оларды жаңа әрі әдемі киімге киіндіреді. Тағы ескеретін жайт, Сулавеси аралының тұрғындары үшін қабірдің өзін де ауыстыру өте маңызды, жаңа қабірде мәйіт тез бұзылмас үшін.

Тораджи халқының тұрғындары өз ауылдарынан ешқашан қоныс аудармайды. Өйткені, марқұмның рухы туылған жерінде қалуы керек деп есептейді. Егер тораджи адамы басқа елде қайтыс болса, оның туыстары еліне қайтаруға тырысады. Олар тау жақта өмір сүреді, өткен ғасырдың 70-ші жылдарына дейін оқшауланып келді. Біз оны түсіне алмаспыз. Бұл дәстүр Индонезияда бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Бүгінгі таңда, туыстарымыздың мәйіттерін қабірлерінен қазып алуды, тіпті елестету де мүмкін емес...

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 лет назад 3244
1 комментарий