Зейнетақы қорындағы ақшаны үш жағдайда ғана алуға болады
Зейнетақы қорындағы ақшаны үш жағдайда ғана алуға болады
 
☝️Біріншіден, егер Қазақстан азаматы басқа елге қоныс аударып, сол мемлекеттің азаматтығын алса, онда төлем толық аударылады.
☝️Екіншіден, азамат қайтыс болған жағдайда, отбасы мұрагер ретінде алты айдан кейін ақшаны алуға құқылы.
☝️Үшіншіден, зейнетақы аннуитеті арқылы. Азамат зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін сақтандыру компаниясымен келісімшартқа отырады. Кейін сақтандыру компаниясы оған ай сайын төлейді немесе бір жылдың ақшасын бір-ақ аударады. Ол үшін қорда жинақталған зейнетақы жарнасының сомасы аннуитетті сатып алуға жеткілікті болуы керек.
Зейнеткерлікке ерте шығуға әйел адамдарында қандай жеңілдік бар?
☝️Бес және одан көп баланы сегіз жасқа дейін тәрбиелеп өсірген әйелдер 53 жастан зейнетке шыға алады. Сіздің бес балаңыз болса, кенжеңіз сегізге толмаса, қанша жерден зейнет жасына жетіп тұрсаңыз да шыға алмайсыз.
☝️Төтенше және радиациялық тәуекелі бар аймақтарда және Семей ядролық сынақ полигонында 5 жылдан аз емес уақыт тұрғандар 45 жасында зейнеткерлікке (20 жыл еңбек өтілі болуы керек) шығады;
☝️Жинақтаушы зейнетақы қорыңызда 51-жасқа дейін 13,5млн теңге жинақтаған болсаңыз;
Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
4 года назад 2133
0 комментариев
Прямой эфир