Түлкі аулап, терісінен тымақ тігіп киетін балалар (фото)                           
                
                
                
                    
                    
                        
                        
                            ОҚО-да  құсбегілікті   бұрыннан насихаттап жүрген бүтіндей бір әулет бар. Солардың ұрпағы  Жомарт Кеуенов  есімді азамат бүгінде өз балаларынан бөлек, тағы бірнеше азаматты осы өнерге баулып жүр. Мақсаты- қазақтың көне өнерін ұмыт қалдырмау.  Құсбегілікті бала күнінен бастаған  Жомарт Кеуеновтің үйінде  Stan.kz сайтының  өңірдегі  тілшісі қонақта болып қайтқан еді.  Қазақылықтың қаймағы сақталған күнгейде бүгінде бар-жоғы 12 құсбегі бар. Солардың бірі, Қасқасу құсбегілерінің ұрпағы- Кеуеновтер.  Жомарт есімді  құсбегі 2007 жылдан бері облыстық ұлттық спорт мектебінің,  саят бөлімінде...