Түлкі аулап, терісінен тымақ тігіп киетін балалар (фото)
ОҚО-да құсбегілікті бұрыннан насихаттап жүрген бүтіндей бір әулет бар. Солардың ұрпағы Жомарт Кеуенов есімді азамат бүгінде өз балаларынан бөлек, тағы бірнеше азаматты осы өнерге баулып жүр. Мақсаты- қазақтың көне өнерін ұмыт қалдырмау. Құсбегілікті бала күнінен бастаған Жомарт Кеуеновтің үйінде Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі қонақта болып қайтқан еді. Қазақылықтың қаймағы сақталған күнгейде бүгінде бар-жоғы 12 құсбегі бар. Солардың бірі, Қасқасу құсбегілерінің ұрпағы- Кеуеновтер. Жомарт есімді құсбегі 2007 жылдан бері облыстық ұлттық спорт мектебінің, саят бөлімінде...