АҚШ-та ең мықты қазақ полицейі туралы фильм түсірілді (ВИДЕО)
АҚШ-та ең мықты қазақ полицейі туралы фильм түсірілді (ВИДЕО)

АҚШ-тағы қазақстандықтар жайлы деректі фильмдердің авторы Қанат Бейсекеев кезекті фильмін ұсынып отыр. Бұл жолы ол Нью-Йоркте мықты полицей атанған қазақ полицейі Димаш Ниязов жайлы қысқаметражды фильм ұсынады деп tengrinews.kz.

Режиссердің айтуынша, ол бастапқыда полицей жайлы фильм түсіргісі келмеген. Себебі, ол осыдан бір жыл бұрын полицей Данияр Нұртаз жайлы фильм түсірген екен. Ал бұл жолы Бейсекеев фильмді басқа жағынан алып түсірген. "Олардың екеуі екі түрлі, - дейді Қанат. Ойлауы да, жастары, тіпті салмақтары да әр түрлі. Бірақ, Димаштың рөлін фильмде ашып, оны әңгімеге тарту оңай болған жоқ".

 

АҚШ-тағы қазақ полицейін камера алдында сөйлету, оны ашу үшін біраз жұмыс істеу керек болды. "Маған полиция учаскесінде осындай фильм түсіруге рұқсатты бірден берген жоқ, - дейді режиссер. - Яғни, олар рұқсат бермей жатты (...) Бірақ содан мен алдым да фильмді түсіре бастадым". 11 минуттық серияда Димаш Ниязов өзінің жұмыс жайлы, өмірі жайлы және спорттағы қызығушылығы жайлы айтады. 13 жасында АҚШ-қа ата-анасымен бірге кетіп қалған шымкенттік жігіт осылайша "мықты полицей" атанып отыр. Сондай-ақ, ол жақында жақсы жұмысы үшін ерекше жетон алған. NYPD (New York City Police Department) бөлімінде үш жыл уақыт жұмыс істеп жатыр. Бруклин ауданында патруль қызметін жүргізеді. 

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 жыл бұрын 3026
1 пікір
  • Қасын теріп алғаны қазақша сөйлемегені намысқа тиеді
    7 жыл бұрын
Блог туралы