Дін - Құдайлық аянға (revelation) негізделген сенім жүйесі болғанымен оның тәжірибесінде адамдық фактор бар. Яғни дінді ұстанушы адам. Құдайлық ақиқатқа гегемония жасап, ақыл ойға тұсау салу - дінді қоғамда проблеманың көзіне айналдырып жібереді. Сондықтан ақыл Құдайлық ақиқатты танудың өлшемі. Тіпті уахиды ұғудың жалғыз эпистемологиялық негізі. Ақылға салма, дін бұйрықтары ақылға салынбайды деп айту - әһлі хадис өкілдерінің методы. Әбу Ханифаның теологиялық түсінігінде ақыл басты орында. Сондықтан да Ирак ғұламаларын әһлі рай (ойға салушылар) деген. Құранның не хадистің мазмұнын ақылға салмау, тек қана белгілі бір имам мен ұстаздың ғана тәпсіріне байлау - фундаментализм. Аятты жоққа шығармайынша адамды діннен шығара алмаймыз. Ал аятқа қатысты әртүрлі пікірдің болуы заңдылық. Шарты захири мағынаға қайшы келмеуі. Тәуилге, ақыл қорытындыларына қарсы шығу - догматизмді, дүмшелікті туғызады. Мұның келесі сатысы сол догматтарды қабыл алмағандарды, пікірімен келіспегендерді айыптаумен көрініс табады. Мұның радикал формасы - тәкфиршілік (күпірлікпен айыптау). Яғни, экстремизмге өту процесі. Ол нақты әрекетке айналғанда ксенофобия мен терроризмді туғызады. Дін түбінде ғайыпқа деген сеніммен көрініс табатын дүниетаным болғанымен ғайыпқа иман келтірудің шарттары да қисынға негізделуі керек. Мысалы Алланы ешкім көрмесе де болмыс атулының бастауында міндетті болмыстың (уәжибул-ужуд) тұруын ақыл шарт деп қабылдайды. Мухаррик әууал (Первопричина) сынды Құдай жайлы түсінік - таза рационалды пайымнан бастау алатын философиялық қорытынды. Сол секілді дін шарттары да қисынды тәрк етсе адамның өз болмысы мен мәдени қалпын жаттануын туғызады. Діни сана-сезімді рационалды һәм адамсүйгіштік жолға салмай, тек бір топтың мүддесіне жығып беретін болса қауіптің көзіне айналады. Алайда біздегі дінді ақылға салуға болмайды деушілер үлкен қасіретке жол ашып жатқанын ұқпайды.
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.