Егер оттегі жер бетінен 5 секундқа толықтай жойылып кетсе не болады?
Егер оттегі жер бетінен 5 секундқа толықтай жойылып кетсе не болады?

Оттегі жер атмосферасындағы негізгі ингредиент болмауы мүмкін, бірақ, ол тіршілік атаулының өмір сүруі үшін ерекше маңызға ие. 

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

Әрине, кім болсын жеткілікті тамақ, су және оттегісіз өмір сүре алмайды. Ал сіз егер жер бетінен 5 секундқа оттегі жоғалып кетсе не болады деген сауалға жауап іздеп көріп пе едіңіз? Ендеше, жауаптарын бірге бақылайық.

  • Жағалауда демалып жатқан әрбір адамды қатты күйік шалады. Себебі, оттегі ауада біздің терімізді ультракүлгін сәулелерден қорғап тұрады.
  • Аспан бірден қара түске боялады. Біраз бөлігі күңгірттеніп кетеді.
  • Барлық өңделмеген металл атаулы бір-біріне жабысып, еріп кетеді.
  • Жер қабығы жарылады. Жер қабығынан бөлінетін оттегі қоры 45 пайызды құрайды.
  • Әр адамның ішкі құлағы жарылып кетеді. Өйткені, ондағы атмосфера қысымы 21 пайызға дейін төмендейді.
  • Бетоннан жасалған әрбір ғимарат шаңға айналады. Себебі, оттегі бетондағы байланыстырушы негізгі нәрсе.
  • Мұхиттар буға айналып, ғарышқа ұшып кетеді. Оттегісіз сутегі жоғарғы тропосферада еркін жылжиды. Нәтижесінде олар шексіз ғарыш әлеміне бір-ақ кетеді.

Ал егер оттегі көлемін екі есеге арттырса не болмақ?

  • Қағаз ұшақтар тым алысқа еркін самғай алады.
  • Біз мүлде төменгі деңгейдегі шығынмен отын жағамыз.
  • Біз қазіргіден де бақытты әрі жинақы боламыз.
  • Қосымша оттегі біздің білімімізді арттырып, физикалық дайындығымызды күшейтеді.
  • Бірақ, алып жәндіктер көбейіп кетер еді. Себебі, жәндіктердің дене көлемі атмосферадағы оттегіге тікелей байланысты.

Stan.kz      Фото: Otravilsja.ru

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 жыл бұрын 3811
0 пікір
Блог туралы