Жапон мәдениеті
Жапон мәдениеті

Жапонияда метродағы пойыздың кешігіп келу жағдайлары некен-саяқ. Пойыз шын мәнінде кешігіп келсе, ондай жағдайға бей-жай қарай салу деген жоқ. Кондуктор салонның ішіндегі әрбір жолаушыға жеке-жеке барып, пойыздың кешіккені үшін кешірім сұрайды. Әрине, соншама әбігер болмай микрофонмен-ақ бір ауыз сөзбен ғафу өтіне салуға болар еді. Бірақ... 
Бұл аз десеңіз, кешігу уақыты 5 минуттан асар-аспас уақыт болған күннің өзінде, әрбір жолаушыға "Кешігуді растайтын анықтама" ұсынылады. Бұл анықтаманы жолаушылар бастығына, мектеп жасындағылар мектептегі мұғалімдеріне көрсетіп, кешігіп келулеріне өздері кінәлі еместігін дәлелдей алады. Осылайша, кеш барып жатқан жерінде ақталып жатпайды, ыңғайсыз жағдайға тап болмайды. 
Мәдениетіңнің өзі шетсіз-шексіз бір әлем, Жапония!

 

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
6 жыл бұрын 5105
0 пікір
Блог туралы